Date of publication: 26.02.2018 19:04
Date of changing: 27.02.2018 10:05
Құрметті салық төлеушілер!
 
     ҚР 2011 жылдың 20 шілдесіндегі  «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңына сәйкес мұнай өнімдерін өндірушілер  мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыру басталғанға дейін мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшесіне мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес дербес сәйкестендіру нөмір-кодын беруге өтінім жіберуге міндетті.
    Сонымен қатар, импорттаушылар мұнай өнімдерін әкелуді (оның ішінде импортты) жүзеге асыру басталғанға дейін өтінім жіберуге тиіс.
Дербес сәйкестендіру нөмір-коды - ілеспе жүкқұжатта және мұнай өнімдерінің айналымы жөніндегі декларацияда мұнай өнімдерінің түрін, маркасын көрсету үшін қажетті, мұнай өнімдерін өндірушілерге, мұнай өнімдерінің импортын жүзеге асыратын көтерме сауда арқылы берушілерге және Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін мұнай өнімдерінің әрбір атауына берілетін тұрақты сәйкестендіру нөмірі.
   Мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылатын дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН–код) берілу тәртібімен, осы жерде таныссаңыз  болады (ссылка): мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.