Date of publication: 06.02.2018 15:11
Date of changing: 06.02.2018 15:50
    Тауарларды уақытша сақтау дегеніміз - Кеден одағы заңнамасында белгіленген кедендік баждар мен салықтарды төлеусіз, кеден органымен мәлімделген кедендік ресімге немесе басқа да әрекет жүргізуге сәйкес шығаруға дейін, кедендік бақылаудағышетел тауарларын уақытша сақтау орындарында сақтау болып табылады.
     Тауарларға қатысты өкілеті бар тұлғалар немесе олардың өкілдері осындай тауарларды пайдалануға, сонымен бірге, мәлімделген кедендік ресімге сәйкес оны шығаруға дейін уақытша сақтау орны аумағынан тасып әкетугенемесе «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнде көзделген басқа да әрекеттерді жүзеге асыруға құқығы жоқ.
     Уақытша сақтау орындары кедендік бақылау аймақтары болып табылады. Уақытша сақтау орындарына:
1) Уақытша сақтау қаймалары;
2) Өз тауарларын уақытша сақтау қоймалары;
3) Кедендік және еркін қоймалары;
4) Үй-жайлар, ашық алаңдар мен уәкілетті экономикалық операторлардың басқа да аумақтары жатады.
    Тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшiн тасымалдаушы, тауарларға қатысты өкiлеттiлiгi бар өзге де тұлғалар немесе олардың өкiлдерi кеден органына көлiк (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) тауарлар, тауарларды жөнелтушi (алушы), оларды жөнелтушi (межелi) ел туралы  мәлiметтер бар кеден құжаттарын ұсынады.
     Мұндай құжаттар кеден органына электронды құжаттар түрiнде ұсынылуы мүмкiн.
    Кеден органы тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшiн ұсынылған құжаттарды көрсетiлген тұлғаға құжаттарды тiркеу туралы растауды бере отырып, мұндай құжаттар кеден органына берiлгеннен кейiн бiр сағаттан аспайтын мерзiмде тiркейдi. Мұндай құжаттарды тіркеу күнінен соң, тауарлар уақытша сақтауда деп саналады. Тауарларды уақытша сақтау мерзімі екі айды құрайды. Тауарларға қатысты өкілеттігі бар тұлғаның немесе оның өкілінің жазбаша өтініші бойынша кеден органы аталған мерзімді ұзартады.Тауарларды уақытша сақтаудың шектi мерзiмi төрт айдан, ал халықаралық почта алмасу орындарында (мекемелерiнде) сақталатын халықаралық почта жөнелтiмдерiне, сондай-ақ әуе көлiгiмен өткiзiлетiн, жолаушы алмаған немесе талап етпеген багажға қатысты алты айдан аспауға тиiс.Тауарлардың жекелеген санаттары үшiн Кеден одағы комиссиясының шешiмiмен осы баптың 1-тармағында белгiленген уақытша сақтау мерзiмненаз мерзiм белгiленуi мүмкiн.