Date of publication: 06.02.2018 17:46
Date of changing: 04.01.2019 11:35
Салық төлеуші – дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлғаның салықтық берешегін
өндіріп алу туралы  2018 жылдың 01 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексіне қолданысқа енгізілген өзгерістер туралы
 
       2018 жылдың 01 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексіне салық төлеуші – дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлғаның салықтық берешегін өндіріп алу бөлігінде өзгерістер енгізіліп отыр.
        Салық кодексінің 128 бабына сәйкес дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адам болып табылмайтын жеке тұлға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 1 еселенген айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі - АЕК) асатын мөлшердегі салықтық берешегін жеке тұлғалардың салықтық берешегі туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап отыз жұмыс күні өткен соң төлемеген немесе толық төлемеген жағдайларда, салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығарады және оны шығарған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жеке тұлғаға жібереді.
          Яғни, егерде салық төлеушіде 1 АЕК-тен асатын (2018 жылы бұл мөлшер 2 405 теңгені құрап отыр) қарыз сома бар болса, Салық кодексінің 114 бабының 2 тармағының 8 тармақшасына сәйкес салық органдары салық төлеушіге жеке тұлғалардың берешек сомасы туралы хабарлама жолданады. Салық төлеуші хабарлама табыс етілген күннен 30 жұмыс күн ішінде салықтық берешегін төлемеген жағдайда, салық органы жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығарады.
          Салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жеке тұлға салықтық берешегін өтемеген жағдайда салық органы жеке тұлғаға осындай салық бұйрығын Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен мәжбүрлеп орындау үшін атқарушылық іс жүргізу органдарына жібереді.
       Салық бұйрығын шығарған салық органы жеке тұлға салықтық берешегін өтеген күннен бастап 1 жұмыс күнінен кешіктірмей салық бұйрығының күшін жояды.