Date of publication: 29.10.2015 17:18
Date of changing: 15.11.2017 15:26

Тіркелген салықты төлеушілер:

1) ұтыссыз  ойын автоматтарын;

2) ойын өткізуге пайдаланылатын дербес компьютерлерді;

3) ойын жолдарын (боулинг (кегельбан);

4) картты (картинг);

5) бильярд үстелдерін (бильярд) пайдалана отырып, қызмет көрсетулерді жүзеге асыратын  дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар болып табылады.

 Тіркелген  салық салу объектілері

Мыналар:

1) бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;

2) біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;

3) ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер;

4) ойын жолы;

5)  карт;

6) бильярд үстелі тіркелген салық салу объектісі болып табылады.

 Салық декларациясын табыс ету мерзімі

Тіркелген салық және ойын бизнесі бойынша 710.00 нысандағы декларация есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретiнде тiркеу есебiнiң орны бойынша салық органына табыс етіледі.

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 422-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

 Тіркелген салықтың ставкалары

 Салық ставкасы Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және салық кезеңiнiң бірiншi күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш мөлшерi негiзге алына отырып айқындалады.

  Қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жүзеге асыратын  барлық салық төлеушілер үшін жергілікті өкілді органдар бекітілген базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілейді.