Date of publication: 26.02.2018 09:17
Date of changing: 26.02.2018 09:19
«Е-лицензиялау» порталы арқылы Мемлекеттік қызмет алу туралы
 
          Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 3 желтоқсандағы №432-V Заңымен салық және кеден заңнамаларына, сондай-ақ, ҚР Қаржы министрінің №21 бұйрығымен мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне енгізілген өзгерістермен, Мемлекеттік кірістер органдарымен электрондық түрде қызметтер көрсетіледі.
        Бұл өз кезегінде, талап етілген құжаттармен бірге қағаз тасымалдағышта ұсынылатын өтініштермен қатар, кеден ісі саласындағы уәкілетті органға (ҚР ҚМ МКК) немесе мемлекеттік кірістер органының аумақтық органдарына қызмет алу туралы өтініштерді электронды түрде жолдауға мүмкіндік береді. «Электрондық Үкімет» веб-порталының «Е-лицензиялау» Мемлекеттік мәліметтер қорының ақпараттық жүйесі (әрі қарай - ЕЛ ММҚ АЖ) порталы арқылы төменде көрсетілген қызметтерді алуға www.elicense.kz порталы арқылы өтінішттерді жолдауға болады.    
         Қазіргі таңда, ЕЛ ММҚ АЖ порталы арқылы Мемлекеттік кірістер комитетімен келесі қызметтер ұсынылады:
  • «Уәкілетті операторлар мәртебесін беру»;
  • «Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу»;
 
Комитеттің аумақтық органдарымен келесі қызметтер ұсынылады:
  • «Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу»;
  • «Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу»;
  • «Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу»;
  • «Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу»;
  • «Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу».
 
       «Е-лицензиялау» порталы арқылы қызмет алу, ескертпелерді көрсету, бағыттау және порталдың авторлық белгісі этапынан бастап шығатын (қорытынды) құжатты алу этапына дейінгі құрылу тәртібі «Е-лицензиялау» Мемлекеттік мәліметтер қорының ақпараттық жүйесінің Сыртқы порталын қолдану тәртібінде көрсетілген және бұл порталға кірген кезде оны қолданушы бірден көре алады.    
      Сыртқы порталды қолдануды бастар алдында, Қолданушының Ғаламторға кіру мүмкіндігі және ЕЛ ММҚ АЖ-нің Сыртқы порталында электрондық цифрлық қол қою (RSA) кілті (сертификата) арқылы тіркеуден өтуі қажет. Сертификатты қалалық және аудандық Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан (ХҚО) алуға болады.
       «Е-лицензиялау» порталы арқылы мемлекеттік қызмет ҚР «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексімен белгіленген мерзімде көрсетіледі.
         Коммуникациялық мүмкіндіктердің болуы ЕЛ ММҚ АЖ (www.elicense.kz.) интернет-ресурсы арқылы мемлекеттік кірістер органдарына  заңды тұлғалардың өтініш беруіне қосымша жағдай жасайды.