Date of publication: 18.12.2015 16:12
Date of changing: 18.12.2015 16:37

 

        Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаменті 2015жылдың желтоқсан айының 10 күні ақпарат құралдарына,қоғамдық мекемелерге , салықтөлеушілерге брифинг өткізілді.

        Брифингке Департамент басшысы Тынысбеков А.С, Департамент басқарма басшылары, Экономиқалық тергеу қызметі, Жамбыл облысы прокуратурасының, юстициясының өкілдері қатысты.

 

                       Өз сөзінде А.С. Тынысбеков, қазіргі уақытта көлеңкелі экономиканың негізі жалғанкәсікерлік екенін атап айты.

       Жалған кәсiпкерлiк - егер осы іс-әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал келтiрсе, бұлкәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру ниетiнсiз, кредиттерді заңсыз алу немесе салықтан босату немесе тыйым салынған қызметті жасыру немесе өзге де мүліктік пайда алу мақсатында немесе осындай әрекеттердің жасалуына жәрдемдесу мақсатында жеке кәсiпкерлiк субъектiсiн құру не басқа заңды тұлғалардың олардың шешiмдерiн айқындау құқығын беретiн акцияларын (қатысу үлестерiн, пайларын) иемдену, сол сияқты оларға басшылық ету екендігі белгілі.

Бұл, әлеуметтік-қаупті қастық болып табылатын және бюджетке салықтарды төлемеу түрінде улкен залал келтіру жолымен біздің мемлекетіміздің экономикалық қауіпсіздігін әлсірететін болғандықтан, еліміздің экономикасының тұрақты дамуына кедергі келтіруші, өзінің азаматтарына және мемлекетке зиянын тигізетін, көлеңкелі экономиканың бір түрі. Осымен қатар жалған кәсіпкерлік факторы, бәсекелестік қабілеттілілікке және бизнес субъектілері арасындағы заңды экономикалық қарым-қатынастарға теріс ықпалын тигізеді.

Жалған кәсіпкерлікпен күресті, әкімшілік жауапкершілікке тартудан сотқа дейінгі өндірістің барлық құзыреті берілген Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің Экономикалық тергеу қызметі жүргізеді.

Көлеңкелі экономика аясындағы жалған кәсіпкерлікті, салықтарды төлеуден жалтарудың түрлі схемаларын, айырбастау фирмалар, банктер арқылы ақша құралдарын заңсыз айырбастауды анықтау және жолын кесу олардың жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады. 

2015 жылдың өткен кезеңінде, сотқа дейінгі тексерудің Бірыңғай реестрінде жалған кәсіпкерліктің барлығы 124 фактісі тіркелген, оның ішінде, 8 қылмыстық іс сотқа жолданған.

2014 жылдың ұқсас кезеңінде, қаржы полициясының жойылған органы Жамбыл облысы бойынша ЭҚжСЖКД–мен жалған кәсіпкерлік фактісі бойынша барлығы 17 қылмыстық іс қозғалған,оның ішінде сотқақылмыстық істер жолданбаған.

Қайта тіркелуі және мемлекеттік тіркелуі жарамсыз деп танылуы бойынша 14 кәсіпорынға қатысты талап арыз жолданды, 7 кәсіпорын бойынша мемлекеттік тіркеу жарамсыз деп танылды, 5 кәсіпорын бойынша қайта тіркелу жарамсыз деп танылды.  

Сондай-ақ бізбен, облыс прокуратурамен бірлесіп, мәмлелерді жарамсыз деп тану туралы талап арыздар бастамаланды.

         Заңсыз кірістердің «көлеңкеден» шығуы, еліміздің бюджетін толықтыру, ақша құралдарын заңды айналымға қайтару бойынша тиімді шаралар қабылдануда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде қылмыстық істер қозғалуда, жоспардан тыс кешенді тексерістер тағайындалуда. Мұндай құқық бұзушылықтың салдарынан әкімшілік жауапкершілік қана емес, жекелеген жағдайларда қылмыстық жауапкершілік те туындайды.

Анықталып жатқан салықтық құқық бұзушылықтардың және қылмыстардың әлеуметтік қаупін және көлемін ескере отырып, облыс бойынша МКД-да арнайы жұмыс тобы құрылды, оның қызметі салық салынудан кетудің салықтық схемаларын анықтауға және жолын кесуге, жалған кәсіпкерлік фактілерін анықтауға бағытталған. 

Жалған кәсіпкер мемлекетке ірі залал келтіріп қана қоймайды, сондай-ақ ол салықтық тұзаққа, оларға қатысты бұрынырақта есепке жатқызылған ҚҚС соммаларын,сонымен қатар, жалған кәсіпкерлермен жасалған мәмлелер бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша шегерулердің шығыстарын алып тастау бойынша мемлекеттік кірістер органымен заңды шаралар қабылданған,өзінің контрагенттерін де тартады.Күмәнді жеткізушілермен мәмле бекітуден бұрын, мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd. gov.kz сайтында олар туралы олар туралы ақпаратты қараңыз.

Жамбыл облысында жалған кәсіпкерлікпен күресті қарқындату, жалған кәсіпкерліктің әрі қарай дамуына және өсуіне қарсы әрекет ету мақсатында, Жамбыл облысы бойынша МКД 2016 жылды – жалған кәсіпкерліксіз жылы деп жариялады, 2015 жылдың желтоқсанынан 2016 жылдың желтоқсанына дейінгі кезеңде  «Жамбыл облысы жалған кәсіпкерліксіз» Акциясын өткізуде. 

 

Акцияның мақсаты – облысымызды жалған кәсіпкерлерден тазарту, өмір сүрудің барлық саласында шыдас бермеу жағдайын жасау.

Жалған кәсіпкерлік гүлденуде оның көлемі өсуде, қарапайым халық кедейленуде. Мұндай әлеуметтік қауіппен күресу үшін, бір мемлекеттік кірістер департаменті қауқарсыз. Халықтың, бизнес құрылымдарының, қоғамның және басқа да мемлекеттік құрылымдардың көмегінсіз қарсы тұру мақсатты емес. Тек хабарлау және өзара әрекет ету арқылы ғана олардың ұстанымын әлсіретуге және жеңуге болады.

Іс шаралар жоспары бекітілді, Мемлекеттік кірістер департаменті, мемлекеттік кірістердің аумақтық басқармаларының, ЖОФ Нұр Отан партиясының, Жамбыл «Атамекен» кәсіпкерлері Палатасының, БАҚ лауазымды тұлғалары санынан Штаб жұмыс жасайтын болады.  

Үлкен көмекті және қолдауды біз БАҚ–тан күтеміз. Себебі ол, ақпаратты ашық тарататын тәуелсіз орган болып саналады. 

 

Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.