Date of publication: 27.02.2018 11:52
Date of changing: 27.02.2018 12:00
Қазақстан Республикасының Қаржы министірі Б. Т. Сұлтанов 
Жамбыл облысына жұмыс сапармен келді
 
       Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауы аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін 2018 жылдың 21 ақпанында Жамбыл облысына жұмыс сапармен Қазақстан Республикасының Қаржы министірі Бахыт Тұрлыханұлы Сұлтанов келді.
          Сапар барысында ҚР Қаржы министірі Б. Сұлтанов «Баласағұн» мәдениет сарайында Жамбыл облысының халқының алдында сөз сөйледі.   
          ҚР Қаржы министірі Б. Сұлтанов Мемлекет басшысының жолдауы тақырыбында, соның ішінде халықтың әртүрлі топтарына арналған әлеуметтік бағдарламаларды шешу туралы, сандық форматтағы технологияларды енгізуді, инвестициялық жобаларды іске асыру туралы және агроөнеркәсіптік секторды дамыту туралы айтып өтті.
          Б. Сұлтанов өзінің баяндамасында жолдаудың 10 басым бағыттарына тоқталып өтті.
  Жолдаудың ерекше рөлі болып мемлекеттік органдардың бюджетті толықтыру табылады.  
         Жолдаудың стратегиялық міндеттерінің бірі аймақтық бюджеттер бойынша корпоративтік табыс салығын шағын және орта бизнеске беру рәсімі болып табылады.
         Жұмыс сапары кезінде ҚР Қаржы министрі Б. Сұлтанов Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер депарментінде болып, ҚР қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік органдардың басшыларымен кеңес өткізді.  
       Кеңес кезінде 2017 жылы атқарған жұмыстың қорытындысы және 2018 жылға арналған міндеттер туралы Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Қ. Исақов сөз сөйледі.
      Кеңесті аяқтай келе Б. Сұлтанов  ҚР ҚМ қарасты аумақтық мемлекеттік органдардың басшыларына салық сомасын және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді арттыруды және қосымша резервтерді іздестіру жөніндегі жұмысты жандандыру туралы міндетін қойды.