Date of publication: 07.12.2017 12:29
Date of changing: 07.12.2017 12:32
Мемлекеттік қызметшілер тәртібінің этикалық нормалары
 
      «ҚР ҚМ қызметтік этика нормаларын және мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамалары бойынша құқық бұзушылықтың алдын алуы іс-шаралар жоспарын» орындау шеңберінде Жамбыл облысына жұмыс сапарымен ҚР ҚМ Этика бойынша уәкілеті Т. Ташмагамбетов және ҚР ҚМ Персоналды басқару және стратегия департаментінің ведомстволық бақылау басқармасының басшысы Д. Қадырбаев Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері арасында ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің ережелерін түсіндіру мақсатында және сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жүзеге асырудың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарын жүргізу үшін келді.
     2017 жылдың 4 желтоқсанында Жамбыл облысы бойынша МКД акт залында, Жамбыл облысының мемлекеттік кірістер департаменті, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті, қазынашылық департаменті, ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметкерлерінің алдында ҚР ҚМ Этика бойынша уәкілеті Т. Ташмагамбетов дәріс оқыды. Баяндамашы 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 153 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің» ережелерін  егжей-тегжейлі түсіндірді.  
        Сөз сөйлеген, Т. Ташмагамбетов  Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды деп атап өтті. Осыған байланысты, мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметті атқаруда жалпы қабылданған мінез-құлық стандарттарын сақтауға міндетті.
       Қоғам мемлекеттік қызметшілер барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін олар жүзеге асыратын кәсіби қызметіне салуға, өз Отаны – Қазақстан Республикасына  риясыз және адал қызмет етеді деп есептейді. Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті жалпы қабылданған нормалардың талаптарына сай болуға тиіс және еліміздің барлық азаматтарына еліктеу үшін үлгі болуы қажет.
      Сондай-ақ, ол  мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде Қазақстан Рсепубликасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсултан Назарбаевтың саясатын ұстануы және оны өмірде дәйекті түрде ұстануы тиіс деп атап өтті.
Кодекс мемлекеттік органдарға қоғамның сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әбес мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.  
      Сондай-ақ, қатысушылар алдында ҚР ҚМ Персоналды басқару және стратегия департаментінің ведомстволық бақылау басқармасының басшысы Д. Қадырбаев сөз сөйледі. Баяндамашы қатысушыларды Қазақстан Республикасының аумақтық мемлекеттік кірістер органдарында қызметкерлермен жасалған сыбайлас жемқорлық қылмыстар фактілермен таныстырды. Ерекше назар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға және дәстүрлі емес діни ағымдардың кері әсеріне жол бермеу.
     Дәріс аяқталғаннан кейін, ҚР ҚМ жауапты қызметкерлері ҚР ҚМ облыс бойынша мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерімен жеке қабылдау өткізді. Қабылдау кезінде ҚР ҚМ өкілдері аумақтық мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің сұрақтары мен өтініштеріне жауап берді. 
    Сонымен қатар, Әдеп кодексінің нормаларын сақтау тұрғысынан азаматтардың, жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың өкілдерімен жеке қабылдау жүргізілді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптар беріліп, сонымен қатар, ҚР ҚМ шешімі талап ететін сұрақтар алқалық талқылау үшін жеткізілетін болады.
     Сондай-ақ, 2017 жылдың 5 желтоқсанында Әдеп кодексінің нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алды алу туралы дәрістер Жамбыл облысы бойынша МКД Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының, «Тараз-КРО» және кеден блогының қызметкерлеріне оқылды.
     Сол күні, ҚР ҚМ жауапты қызметкерлері Жуалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының, қазынашылық басқармасының қызмкерлерінің алдында сөз сөйледі. ҚР ҚМ Этика бойынша уәкілеті Т. Ташмагамбетов ауылдық жерде мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларын сақтауының маңызын зор екенін және тәрбиелік сипатының бар екенін атап өтті. Халықтың мемлекеттік қызметшілердің бағалаудағы басты критерийлері болып олардың міндеттерінің орындауы, сыртқы түрі, өзін-өзі ұстауы және этикалық стандарттарды сақтауы болып табылады деп атап өтті.