Date of publication: 15.11.2017 15:48
Date of changing: 15.11.2017 15:51

      Бүгін, 2017 жылдың 14 қарашасында Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде Ұлт жоспары – 100 нақты қадамды бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру бойынша журналистермен кездесу өтті.

Іс-шараға республикалық және облыстық БАҚ журналистері шақырылды.

      Журналистермен кездесуге Жамбыл облысы бойынша МКД басшысының орынбасары Е. Өмірзақов және салық және кеден блоктарының қызметкерлері Ө. Қоспанов, Л. Смагулова, А. Кинзин, Э. Берденова, А. Ізбасаров и Е. Аманжолов қатысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың 6 мамырында Астанада Үкіметтің кеңейтілген отырысында 100 нақты қадам бес институционалдық реформаны жүзеге асыруды белгіледі.

«100 нақты қадам» - бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайлар да ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары.

«100 нақты қадам» елімізге «2050-Стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап беретін болады. Жоспардың негізгі мақсаты «аурулардың сыртқы белгілерін» сылап-сипап қою емес, оларды «жүйелі емдеу» болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды.

Жоспардың негізіне бес институционалдық реформа кірді:
         Біріншіден - қазіргі заманғы, кәсіби және автономды мемлекеттік аппаратты қамтамасыз ететін экономикалық бағдарламаларды сапалы жүзеге асыруды және мемлекеттік қызметтерді ұсынуды қалыптастыру

- кәсіби мемлекеттік аппарат құру (1-15 қадамдар)

Екіншіден - Заңның үстемдігін қамтамасыз ету. Осы арқылы меншік құқығына кепілдік беру, соттардың тәуелсiздiгi арқылы экономиканың дамуына ықпал ететiн меншiк иесi құқығын сақталады, кәсiпкерлiк үшiн жағдай жасалып, келiсiм мiндеттерiн қорғауға кепiлдiк беріледі.

- заңның үстемдігін қамтамасыз ету (16-34 қадамдар)

         Үшінші бағыттағы реформа – экономиканы әртараптандыруға негізделген индустрияландыру және экономикалық өсім.

- индустрияландыру және экономикалық өсім (35-84 қадамдар), олардың ішінде 37-45 қадамдар мемлекеттік кірістер органдары қызметіне арналады.

Төртінші реформа – бірыңғай болашақ ұлтын қалыптастыру.

- біртектілік пен бірлік (85-90 қадамдар)

         Реформаның бесіншісі – транспарентті және есепті мемлекет.

- есеп беретін мемлекетті қалыптастыру (91-100 қадамдар).

Шара барысында

Кездесуде Ұлт жоспары – 100 нақты қадамды бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру бойынша слайд, ролик көрсетілді.