Date of publication: 12.07.2017 18:28
Date of changing: 12.07.2017 18:29
БАҚ-қа АРНАЛҒАН АНОНС!
      Ертең, 2017 жылдың 13 шілдесінде сағат 12-00-де Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде «Жамбыл облысы бойынша МКД мемлекеттік қызметтерді көрсетутақырыбында брифинг өтеді. 
 
Пресс-релиз
    Бүгінгі күнге мемлекеттік кірістер органдарымен 48 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі, оның ішінде салық органдарымен – 30 қызмет, кеден блогымен – 18 қызмет.
Оның ішінде 32 қызмет немесе 67 пайызы толық автоматтандырылған, сонымен бірге 29 қызмет түрі альтернативті түрде қолжетімді, яғни «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы алуға болады.
Жыл басынан бері мемлекеттік кірістер органдарымен – 402 170 қызмет көрсетілсе, оның ішінде 399 730 қызмет салық органдарымен, 2440 қызмет кеден органдармен көрсетілді.
         Оның ішінде 85,6 пайызы тек электронды түрде көрсетілді.
         Айта кету керек, 2016 жылы бұл көрсеткіш 78 пайызды құраса, жыл басынан бері электронды түрде қызмет көрсету 7,6 пайызға өсті.
         Электронды түрде тапсырылған салық есептілігінің үлесі 98,4 пайызды құрады, 2016 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 7,4 пайзға өскенін байқауға болады.
         Жеке кәсіпкерлерге ең көп пайдаланатын қызмет түрлері болып бюджет алдында салық берешегінің бар/жоқ екендігі туралы мәліметтер, бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан көшірме беру (34.4%), салық есептілігін қабылдау (48,8%).   
         Қоғамда салық мәдениетінің негізгі көрсеткіші болып салықтөлеушілердің салықтарды төлеу тәсілі мен нысандар туралы, көрсетілген мемлекеттік қызметтермен қанағаттану деңгейі және салықтарды ерікті түрде төлеудің қсу туралы ақпараттандыру деңгейі болып табылады. Клиентке бейімделу және бизнеске қолайлы жағдай жасау «Ұлт жоспарының» мәтініндегі мемлекеттік кірістер органдарының басты міндеті болып табылады, бұл бизнес жүргізуді жеңілдетуге, қоғамның көрсетілген қызметтерге қанағаттану деңгейін көтеруге ықпалын тигізеді.  
         Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мәліметтер (мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттері, көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есептер, жадынамалар және басқа да материалдар) мемлекеттк кірістер департаментінің сайтында бизнес өкілдері мен халыққа қолжетімді.
         Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен салық және кеден заңнамалары туралы қызметалушылардың ақпараттану деңгейі көтеру үшін  тұрақты түрде семинарлар өткізіледі, ақпарат құралдарына материалдар жарияланып отырады. Салық және кеден заңнамаларына енгізілген толықтырулар мен өзгерістер мемлекеттік кірістер сайтынан орналастырылып отырады.       
         2017 жылдың басынан бері облыстың кірістер органдарымен мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы қызметалушылардың ақпараттану деңгейін көтеру мақсатында 43 семинар-кеңес, 2 «дөңгелек стөл», 9 «Ашық есік күні», радиодан 1 сұхбат, ақпарат құралдар беттерінде 27 мақалалар жарияланды. 
         Мемлекеттік кірістер органдарының қызметінінің ашықтығына сенімділікті көтеру үшін, бизнес өкілдерінің құқығын қорғау мақсатында Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлердің мүддесін қорғайтын қоғамдық бірлестіктермен, ассоциациялармен өзара ынтымақтастық қатынаста деуге болады. Департаментте кеңестік кеңес құрылды, оның құрамына бизнес өкілдері мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіреді. Кеңестің талқылануына салық және кеден заңнамаларына шешілмеген сұрақтары салынып, сонымен бірге бірлесіп шешу жолдары қарастырылады. Жамбыл облысының өңірлік кәсіпкерлік палатасы арасындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде өзара ынтымақтастық туралы Меморандум жасалынды.
         Мемлекеттік қызмет көрсету уақытын қысқарту және қызмет көрсету сапасын қанағаттану деңгейін көтеру мақсатында Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында кезекті электронды басқару жүйесі жұмыс істейді.
         Биылғы жылы кезекті электронды басқару жүйесні Қордай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы мен «Тараз – кедендік рәсімдеу орталығы» кеден бекетінде орнату жоспарланып отыр.
         Барлық аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының қызмет көрсету орталықтарында «Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалында» 52 компьютер жұмыс істейді.
         Аудан орталығынан шалғай ауылдырда орналасқан 10 (он) ауылдық округтерде 21 «Салық төлеушілер терминалы» орнатылды, бұл мемлекеттік кірістер басқармаларына бармай-ақ шаруа қожалықтар мен кәсіпкерлерге электронды түрде салық есептіліктерін тапсыруға мүмкіндік берді.
         Жоғарыда атап айтқан және алдағы уақытта қабылданатын жаңалықтар, біздің азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігі мен сапасын көтереді деген сенеміз, бұл түпкілікті облысымыздың бизнес өкілдерінің жұмысын  қарқынды жүруіне септігін тигізеді.
         Сапалы, ашық және жедел қызмет көрсету жемқорлықты азайтуға, азаматтық белсенділікті өсіруге себеп болады, бұл өз алдына біздің мемлекетіміздің әлеуметтік және экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге оң әсерін тигізеді.