Date of publication: 26.11.2023 12:29
Date of changing: 26.11.2023 12:29

ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығының базасында 2023 жылғы 15-17 қараша аралығында Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамының (GIZ) жобасының қолдауымен «Үлкен деректер және тәуекелдерді басқару жүйесінде машиналық оқытуды қолдану (Big Data) MS Excel және MS Access бағдарламаларында деректерді визуализациялау және өңдеу» тақырыбы бойынша өңірлік семинар өткізілді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылауды тиімді жүзеге асыру және Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің кәсіби деңгейі мен құзыреттілігін арттыру мақсатында Excel, Access бағдарламалық қамтамасыз етулерінде презентацияда, слайдтарды, кестелерді ресімдеуде және деректерді өңдеуде деректерді сәтті визуализациялауды құру құралдары бойынша оқыту ұйымдастырылды.

Үлкен деректерді өңдеудің артықшылықтары:

салықтық бақылау шараларын қолдану мақсатында жосықсыз салық төлеушілерді анықтау;

тәуекел дәрежесін бағалау негізінде субъектілерді салықтық тексерулерге іріктеу;

СТ және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды оларды төмен, орташа немесе жоғары тәуекел дәрежесі санаттарына жатқызу жолымен санаттау

қосылған құн салығының асып кету сомасының дұрыстығын растау.

ТБЖ АЖ, IBM бизнес-аналитика бойынша БҚЕ негізделген және Data Mining әдістері негізінде жасырын заңдылықтар мен ауытқуларды анықтауға мүмкіндік беретін құралдар жиынтығы. Терең талдау алгоритмдерін қолдана отырып, тәуекелдерді модельдеуге, болжамды модельдердің дәлдігі мен сапасын бағалауға мүмкіндік береді. Тарихи мәліметтер негізінде Машиналық оқыту және тәуекел модельдерін жетілдіру және модельдерді алдыңғы іске қосу нәтижелерін пысықтау мүмкіндіктерін іске асыру.

Аталған іс-шарада дәріскерлер:

- Мұқашев Әлібек Тілеуұлы – «Inclusive Development Foundation» CF маркетинг жөніндегі директоры

- Жүнісов Берік Асқарұлы-ҚР ҚМ МКК ТСТБД бизнес-процестерді автоматтандыру басқармасы басшысының орынбасары;

- Нұрғай Несібелі Арманқызы-ҚР ҚМ МКК ТСТБД бизнес-процестерді автоматтандыру басқармасының бас сарапшысы сөз сөйледі.

Оқу іс-шарасының қорытындысы бойынша тыңдаушылар Power Query MS Excel бағдарламасында деректердің үлкен көлемін (10 млн-нан астам жазба) өңдеу және қалыпқа келтіру бойынша білім алды. Оның ішінде: әртүрлі деректерді біріктіру, деректерді қосу, құрылымданбаған деректерді өңдеу. Power Pivot MS Excel бағдарламасында жиынтық кестелер құру, интерактивті күрделі бақылау тақталары, MS Access сұрауларының түрлері. ​