Date of publication: 10.10.2023 17:56
Date of changing: 10.10.2023 17:57

2023 жылғы 2 – 6 қазан аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығында Мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық қызметкерлері мен ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері үшін «Сканерлеуші қондырғыларда жұмыс жасауға және рентген құрылғыларының бейнелерін талдауды үйрету» тақырыбында арнайы курс өткізілді.

Курстың негізгі мақсаты – шекара бекеттеріндегі бақылау сапасын арттыру, бұл жабдық пен экипаждың біріктірілген жүйесі болып табылады және РТУ операторлары ұсынылған құжаттардың мазмұны туралы ақпаратпен сканерленген суреттерге біліктілік талдауын жүргізеді.

 «Simfox» тренажер бағдарламасының көмегімен курстың міндеттері:

- қаруды анықтау дағдыларын жетілдіру;

- жарылғыш заттар мен детонациялық құрылғыларды анықтау;

- есірткі және басқа да заңсыз тасымалданатын тауарлардың контрабандасын болдырмау;

-рентген-теледидар қондырғыларының сипаттамасы және қолданылуы.

Бірінші күн қатысушыларды тіркеуден және ОӘО – ның басшысы орынбасары Л.Т. Касымкулованың алғы сөз сөйлеуімен басталды.

Оқу курсының бағдарламасына «Rapiscan», «Rapiscan DV», «Smith-Heimann» және «Heimann-container» рентген-теледидар қондырғылары туралы негізгі ұғымдар,

ықтимал қауіпті жолаушыларды анықтау арқылы заңсыз әрекеттердің алдын – алу және анықтау әдістерін профильдеу, сондай – ақ жарылғыш заттарды, қару – жарақ пен оқ – дәрілерді анықтау және іздеу бойынша практикалық жаттығулар, тыйым салынған заттар мен контрабандалық тауарларды алып өту әрекеттерінің жолын кесу тақырыптары кіреді.

Сабақта «Есірткіге қарсы күрес бойынша құқық қорғау органдарына арналған интерактивті компьютерлік білім беру бағдарламасы» (TADOC)  пысықталды. Бұл бағдарламалық қамтамассыз ету мемлекеттік кірістер қызметкерлерін    автокөлік құралдарын тексеру, контейнерлерді тексеру, жеке тұлғаларды тексеру, әуе көлігін тексеру, сауалнама жүргізу бағыттары бойынша оқытуға мүмкіндік береді.

Білімдерін бекіту үшін қатысушылар «Әуежай-Астана» кеден бекетінде практикалық оқудан өтті. Демонстрациялық үлгілерде (муляж), есірткі, тыйым салынған, жарылғыш заттарды, түрлі елдердің валютасын, зергерлік бұйымдардың (түрлі үлгідегі алтын, күміс) және гауһар тастардың, «Rapiscan» аппаратындағы рентген суреттерін егжей-тегжейлі талдаудан өткізді. Оқу барысында курс қатысушылары жарылғыш заттарды анықтау бойынша жоғары нәтижелер көрсетті. Шекара қызметінің офицерлері курс тыңдаушыларын құжаттарды тексеру тәртібімен таныстырды. Сондай-ақ, иттерді тәрбиелеу және оқыту жөніндегі маман, кинолог мамандығының қиындықтары, иттерді бағынуға баулу ережелері мен командаларды үйрету, тұқымының сәйкестігі мен өсіру, тыйым салынған тауарларды анықтау, тасымалдау (қару, есірткі), күдікті азаматтарды және олардың заттарын тінту жұмыстары туралы айтты.

ОӘО қызметкерлері Л. Т. Касымкулова, М.Д Ташетов, А.П Касымбеков оқыту іс-шарасының оқытушылары мен нұсқаушылары болды.

Цифрландыру және қашықтықтан оқыту бөлімі оқыту нәтижелерін болжау, қатысушылардың білім деңгейін анықтау үшін, алдын ала тестілеу, арнайы курсты аяқтау бойынша қорытынды тестілеу өткізді.