Жарияланған күні: 08.12.2017 15:20
Өзгертілген күні: 11.12.2017 17:43
Жер  үстi  өздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы 
 
      Жер  үстi  өздерiнiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы  жер үстi көздерiнен суды ала отырып немесе оны алмай, арнаулы су пайдаланудың барлық түрлерi үшiн алынады.
      Арнаулы су пайдалану су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган беретiн рұқсат беру құжатының негiзiнде жүзеге асырылады.
       Ресімделген рұқсат құжатсыз арнаулы су пайдалану суды алудың нақты көлемі белгіленген лимиттерден асып түсетін су пайдалану ретінде қарастырылады.
      Жамбыл облысында төлемақы мөлшерлемелері Жамбыл облысы мәслихатының 2015 жылы  25 маусымында №38-12 шешімімен 5   арнаулы су пайдаланудың түрлерi бойынша бекітілген.
      Су алудың нақты көлемi cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген су пайдалану лимиттерінен асып кеткен жағдайда бес есе ұлғайтылады.
    Төлемақы төлеушiлер арнаулы су пайдалану орны бойынша салық органдарына декларация табыс етедi.  Төлемақы төлеушiлер, тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi екінші айдың 15-інен кешiктiрмей декларация табыс етедi.
     Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимiн қолданатын салық төлеушiлер төлемақы жөніндегі декларацияны табыс етпейдi. Декларациялар салық органына табыс етiлгенге дейiн cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның өңірлік органында куәландырылады.