Жарияланған күні: 17.10.2015 16:52
Өзгертілген күні: 17.05.2016 16:38

Төлеушілер

      1. Мынадай: 
      1) жеке меншiк құқығындағы; 
      2) тұрақты жер пайдалану құқығындағы; 
      3) бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектiлерi бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушiлер болып табылады.

  3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе мыналар: 

      1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимi қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелерi бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер; 

      2) мемлекеттік мекемелер; 

      3) уәкiлеттi мемлекеттік органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары; 

      4) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестiрiлген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектiң ата-анасының бipeуi, он сегіз жасқа толғанға дейін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар: 

      тұрғын-үй қоры, соның iшiнде, оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi; 

      үй маңындағы жер учаскелерi; 

      өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын жүргiзу, бағбандық үшiн берiлген және құрылыс алып жатқан жерлердi қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелерi; 

      гараждар орналасқан жер учаскелерi бойынша; 

      5) «Ардақты ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар:

      тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi бойынша;

      үй маңындағы жер учаскелерi бойынша;

      6) жеке тұратын зейнеткерлер:

      тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi бойынша;

      үй маңындағы жер учаскелерi бойынша;

      7) дiни бiрлестiктер жер салығын төлеушiлер болып табылмайды. 

      4. Осы баптың 3-тармағының 3)-7) тармақшаларында аталған салық төлеушілер пайдалануға, сенімгерлікпен басқаруға немесе жалға берілген жер учаскелері бойынша салық төлеушілер болып табылады.

Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық
мөлшерлемелері

      Елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) салынатын базалық салық мөлшерлемелері алаңның бір шаршы метріне шаққанда мынадай мөлшерде белгіленеді:

Р/с №

Елді мекеннің санаты

Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық салық мөлшерлемелері (теңге)

Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемелері (теңге)

1

2

3

4

 

Қалалар:

   

1.

Алматы

28,95

0,96

2.

Астана

19,30

0,96

3.

Ақтау

9,65

0,58

4.

Ақтөбе

6,75

0,58

5.

Атырау

8,20

0,58

6.

Қарағанды

9,65

0,58

7.

Қызылорда

8,68

0,58

8.

Көкшетау

5,79

0,58

9.

Қостанай

6,27

0,58

10.

Павлодар

9,65

0,58

11.

Петропавл

5,79

0,58

12.

Талдықорған

9,17

0,58

13.

Тараз

9,17

0,58

14.

Орал

5,79

0,58

15.

Өскемен

9,65

0,58

16.

Шымкент

9,17

0,58

17.

Алматы облысы:


 

 

18.

облыстық маңызы бар қалалар

6,75

0,39

19.

аудандық маңызы бар қалалар

5,79

0,39

20.

Ақмола облысы:


 

 

21.

облыстық маңызы бар қалалар

5,79

0,39

22.

аудандық маңызы бар қалалар

5,02

0,39

23.

Облыстық маңызы бар басқа қалалар

облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 85 пайызы

0,39

24.

Аудандық маңызы бар басқа қалалар

облыс орталығы үшін белгіленген мөлшерлеменің 75 пайызы

0,19

25.

Кенттер

0,96

0,13

26.

Ауылдар

0,48

0,09

      Бұл ретте елді мекендердің санаты техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышына сәйкес белгіленеді.

Үй iргесiндегi жер учаскелерiне салынатын базалық
                салық мөлшерлемелері

      Елдi мекендердiң тұрғын үйге (тұрғын ғимаратқа) қызмет көрсетуге арналған және тұрғын үй (тұрғын ғимарат), оның iшiнде ондағы құрылыстар мен ғимараттар орналаспаған жерлерiне жататын жер учаскесiнiң бiр бөлiгi үй iргесiндегi жер учаскесi болып есептеледi. 
      Үй іргесiндегi жер учаскелерi мынадай базалық салық мөлшерлемелері бойынша салық салынуға жатады: 
      1) Астана, Алматы қалалары және облыстық маңызы бар қалалар үшін: 
      көлемi 1000 шаршы метрге дейiн қоса алғанда - 1 шаршы метрi үшiн 0,20 теңге; 
      1000 шаршы метрден асатын алаңға – 1 шаршы метрі үшін 6,00 теңге.
      Жергілiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша 1000 шаршы метрден асатын жер учаскелерiне салық мөлшерлемелері 1 шаршы метрi үшiн 6,0 теңгеден 0,20 теңгеге дейiн төмендетiлуi мүмкiн. 
      2) қалған елдi мекендер үшiн: 
      көлемi 5000 шаршы метрге дейiн қоса алғанда - 1 шаршы метрi үшiн 0,20 теңге; 
      5000 шаршы метрден асатын алаңға – 1 шаршы метрі үшін 1,00 теңге.
      Жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша 5000 шаршы метрден асатын жер учаскелерiне салық мөлшерлемелері 1 шаршы метрi үшiн 1,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейiн төмендетiлуi мүмкiн.

Жеке тұлғалардың салықты есептеу тәртiбi және төлеу мерзiмдерi

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғалар (осы тармақтың екінші бөлігінде аталған тұлғаларды қоспағанда) төлеуге жататын жер салығын есептеудi салық органдары тиiстi салық мөлшерлемелері мен салық базасын негiзге ала отырып, ағымдағы жылдың 1 тамызынан кешіктірмей жүргiзедi.
      Осы тармақтың ережелері:
      дара кәсіпкерлерге;
      осы Кодекстiң 396-бабының 1-тармағында көзделген объектілерді және салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін объектілерді қоспағанда, меншік құқығындағы ғимараттар (ғимарат бөліктері) орналасқан жер учаскелері бойынша жеке тұлғаларға (оның iшiнде жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, кәсіби медиаторларға) қолданылмайды.
      2. Салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерiне құқықтар берілген жағдайда, салық сомасы осы Кодекстің 389-бабы 8-тармағының ережелерi ескерiле отырып есептеледi.
      3. Жеке тұлғалар салық органдары есептеген жер салығын бюджетке ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешiктiрмей төлейдi.
      4. Салық міндеттемелері ағымдағы жылдың 1 қазанынан кейін туындаған кезде, салық сомасын төлеу салық салу объектісіне меншік құқығы мемлекеттік тіркелгеннен кейін отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
      5. Дара кәсiпкерлер өз қызметiнде пайдаланатын жер учаскелерi бойынша жер салығын осы Кодекстiң 389-бабында белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейдi.
      6. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімiн қолданатын дара кәсiпкерлер өз қызметiнде пайдаланатын жер учаскелерi бойынша жер салығын осы Кодекстiң 389-бабында белгiленген тәртiппен есептейдi. Бұл ретте жер салығы салық кезеңi үшiн декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей төленуге жатады.
      7. Осы Кодекстiң 396-бабының 1-тармағында көзделген объектілерді және салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін объектілерді қоспағанда, меншік құқығындағы ғимараттар (ғимарат бөліктері) орналасқан жер учаскелері бойынша жеке тұлғалар (оның iшiнде жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар) жер салығын патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін осы бөлімде белгіленген тәртіппен есептейді және төлейді.