Жарияланған күні: 29.10.2015 16:41
Өзгертілген күні: 02.11.2015 10:40

2015 жылғы 12 қарашадан бастап Украинада шығарылғын құбырларды кедендік декларациялау барысында Еуразиялық экономикалық комиссиясының 2015 жылғы 6 қазандағы «Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 22 маусымдағы № 702 Шешімімен бекітілген демпингке қарсы шараны қодануды ұзарту туралы» Шешімі қолданысқа енгізіледі. ЕЭК Шешімі оның ресми жарияланған күнінен (12.10.2015 ж. ЕЭК ресми сайтында жарияланды) 30 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

Демпингке қарсы шара ұғымы, демпингке қарсы баждарды енгізудің, соның ішінде алдын ала демпингке қарсы баждар, немесе Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 8 маусымдағы № 3016-V «Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғалған, демпингке қарсы және өтемақылы шаралар туралы» Заңымен қарастырылған экспорттаушылармен қабылданған құндық міндеттемелерді мақұлдаудың көмегімен, Еуразиялық экономикалық комиссиясының шешімімен қолданылатын демпингті импортқа қарама қарсы шараны қарастырады.

        Бұл Заң Қазақстан Республикасының экономикалық мүддесін қорғау мақсатында, Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғалған, демпингке қарсы және өтемақылы шараларды қолдануға қатысты қоғамдық қарым-қатынасты реттейді

        Демпингке қарсы шаралар тексетіс жүргізуші органның қорытындысы бойынша, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына мүше-мемлекеттердің экономикасы саласына материалдық залал келтіріп, мүше-мемлекеттер экономикасы саласының құрылуын баяулату қаупін келтіретін тауарларды импорттауда демпингке қарсы шаралар жүргізіледі. 

        Демпингке қарсы баж – әкелінетін кедендік баждарға тәуелді емес мүше-мемлекеттердің кеден органдарымен өндірілетін және демпингке қарсы шараларды енгізу барысында қолданылатын баж болып табылады.

        Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың 109-тармағына сәйкес (Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың № 8 қосымшасы) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 6 қазандағы № 702 «Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 22 маусымдағы № 702 Шешімімен бекітілген демпингке қарсы шараны қодануды ұзарту туралы» Шешімімен демпингке қарсы баж түріндегі Украинадан шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына әкелінетін:

-                     а) айналдыра салынатын құбырлар – кедендік құнынан 18,9% мөлшерінде;

-                     б) сорғылы-компрессорлы құбырлар – кедендік құнынан 19,9% мөлшерінде;

в) жалпы диаметрі 820 миллиметрге дейін қоса алғанда мұнай құбырлары,  диаметрі 820 миллиметрге дейін қоса алғанда газ құбырлары және жалпы диаметрі 820 миллиметрге дейін қоса алғанда ыстықтай илектелген құбырларға 2011 жылғы 22 маусымдағы № 702 «Кеден одағында болат құбырлардың кейбір түрлерін өндірушілердің экономикалық мүдделерін қорғау бойынша шаралар туралы» КОК Шешіміне Қосымшаға сәйкес жасап шығарушы-кәсіпорынға байланысты кедендік құнынан 19,4%-дан 37,8% мөлшерінде демпингке қарсы баж түрінде демпингке қарсы шара қолдануды 2016 жылғы 5 шілдені қоса алғанда ұзартылғанын хабарлайды.