Жарияланған күні: 17.10.2015 19:17
Өзгертілген күні: 17.10.2015 19:21

 

Патент негізіндегі арнаулы салық режимін мынадай талаптарға

сай келетін дара кәсіпкерлер қолданалады.

  • Жалдамалы қызметкер еңбегін пайдаланбайтын;
  • Салық кезеңіндегі  табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 300 еселенген мөлшерінен  (6 409 200)  аспауы  тиіс.
  • Патент кемінде 1 ай мерзімге немесе 12 айдан аспайтын мерзімге беріледі.
  • Күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.

Патент құнын есептеу.

  • Патент құнын есептеу салық салу объектісіне 2 % мөлшеріндегі ставка қолданылады.
  • Патент құнының ½ бөлігі мөлшерінде - жеке табыс салығы(БСК-101202)
  • «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдарды алып тастағаннан кейінгі патент құнының ½ бөлігі мөлшерінде әлеуметтік салық түрінде бюджетке төлеуге жатады. (БСК-103101)
  • Міндетті зейнетақы қорына ең төменгі жалақының 10% пайызынан кем емес жарна есептелінеді. (БСК-901101)
  • Әлеуметтік сақтандыру қорына ең төменгі жалақының 5% пайызынан кем емес жарна есептелінеді. ( БСК-902101)

 

Бірыңғай жер салығын есептеу.

 

  • 920.00 үлгідегі салық есептілігінде көрсеткен  жер учаскелері бойынша бірыңғай жер салығын есептеу жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнына жер учаскілерінің жиынтық ауданын негізге ала отырып, Салық кодексінің 444 бабына өзгеріс енгізілді. Егер бұрын  алаңы 500-га дейін жер учаскілерінің салық ставкасы 0,1 пайыз болса, жаңа жылдан бастап, 0,15 пайызға көтерілді.

            

Жер учаскілерінің алаңы (гектар)

Салық ставкасы

1.

 500-ге дейін

0,15%

2.

501-ден 1 000-ға дейін қоса алғанда

500 гектардан бағалау құнының 0,15% 500 гектардан асатын гектарлардың бағалау құн + 0,3%

3.

1001-ден  1500-ге деін қоса алғанда

1001 гектардан бағалау құнының 0,3%  1000  гетардан асатын гектарлардың бағалау құнының + 0,45%

4.

1501-ден  3000-ға дейін қоса алғанда

1501 гектардан бағалау құнының 0,45%  1500 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының + 0,6%

5.

3000-нан жоғары

3000 гектардан  бағалау құнының 0,6%  3000 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының + 0,75%

 

  • Бірыңғай жер салығын төлеушілер әрбір қызметкерге, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы мен кәмелетке толған мүшелері үшін республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының бірінші қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің  20 пайыздық  ставкасы бойынша әлеуметтік салық сомасын ай сайын есептеп отырады. (БСК-103101) 
  • Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының 10% пайыздық ставкасымен салық есептелінеді.  (БСК-101201)
  • Міндетті зейнетақы қорына ең төменгі жалақының 10% пайызынан кем емес жарна есептелінеді.          (БСК-901101)
  • Әлеуметтік сақтандыру қорына ең төменгі жалақының 5% пайызынан кем емес жарна есептелінеді.          (БСК-902101)
  • Салық кодексінің 484 және 495 баптарына  сәйкес, жер беті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы және  қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы есептелінеді.

Оңайлатылған декларация негізіндегі

арнаулы салық режимі

 

Мынадай шартарға сай келетін шағын бизнес субъектілері:

Дара кәсіпкерлер үшін:

  • Дара кәсіпкерлердің өзін қоса алғанда, қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде 25 адамнан аспайтын болса;
  • Салық кезеңі ішінде шекті табысы ең төменгі жалақының 1400 еселенген мөлшерінен (29 909 600 теңгеден)аспайтын болса;
  • Салық кезеңі жарты жылдық болып табылады.

Заңды тұлғалар үшін:

  • қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде 50 адамнан аспайтын болса;
  • Салық кезеңі ішінде шекті табысы  ең төменгі жалақының 2800 еселенген мөлшерінен (59 819 200 теңгеден)аспайтын болса;
  • Салық кезеңі жарты жылдық болып табылады.

 

Оңайлатылған декларация негізіндегі анрнаулы салық

 режимі бойынша есптеу.

  • 910.00 үлгідегі салық есептілігінде көрсеткен  табыстан 3% пайыз салық есептелінеді.
  • Жеке (корпорациялық) табыс салығы – оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының ½ мөлшерінде, (БСК-101202; 101101).
  • Әлеуметтік салық Қазақстан Республикасының  міндетті әлеуметтік  сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есенптелген әлеуметтік аударымдар  сомасын алып тастағаннан кейін оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының ½ бөлігі мөлшерінде төлеуге жатады. (БСК-103101) 
  • Міндетті зейнетақы қорына ең төменгі жалақының 10% пайызынан кем емес жарна есептелінеді.
  • Әлеуметтік сақтандыру қорына ең төменгі жалақының 5% пайызынан кем емес жарна есептелінеді.
  • Жалдамалы жұмысшылар жалақысынан Салық кодексінің 158 бабына сәйкес 10% пайызы жеке табыс салығына есептелінеді.