Жарияланған күні: 26.04.2017 11:56
Өзгертілген күні: 26.04.2017 11:57
.
СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР
 «Шетелдік қаржыландыру мониторингі» мәселесі бойынша.
 
         Сұрақ. «Шетелдік көздерден ақша және (немесе) өзге де мүлікті тарту туралы салық органдарын міндетті түрде хабардар етуді көздейтін Салық кодексіне түзетулер қандай мақсатпен қабылданды?»
          Жауап. Хабарламалық сипатта, қосымша әкімшілік кедергілерді белгілемейтін шетелдік қаржыландыру мәселелерін реттеу мақсатында түзетулер қабылданды.
        Шетелдік қаржыландыруды алатын тұлғаға, белгіленген мерзімдерде және тәртіппен олардың жұмсалуы туралы мәліметтерді жіберуі, ақшаны алғандығы туралы мәліметтерді мемлекеттік салық органдарына хабардар етуі жеткілікті. Тәртіп, нысандар (017.00, 018.00) және мерзімдер ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 553, 554 бұйрықтарымен белгіленген:    
- заңдық көмек көрсетуге, оның ішінде құқықтық ақпарат беруге, азаматтармен ұйымдардың мүдделерін қорғауға және білдіруге, сондай-ақ оларға консультация беруге;
- қоғамдық пікірге сауалнамаларды, әлеумет танушылық сауалнамаларды (коммерциялық мақсатта жүргізілетін қоғамдық пікірге сауалнамалар мен әлеуметтанушылық сауалнамаларды қоспағанда) зерделеуге және жүргізуге, сондай-ақ олардың нәтижелерін таратуға және орналастыруға;
- аталған қызмет коммерциялық мақсаттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, ақпаратты жинауға, талдауға және таратуға бағытталғаны туралы есептілік бойынша мемлекеттік кірістер органдарына табыс ету міндеттілігі туындайды.   
         Сұрақ. «Шет мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған өзге де мүлікпен» дегеніміз нені түсіндіреді?
          Жауап. ҚР Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 117-бабына сәйкес мүлік жылжымалы және жылжымайтын мүлік деп бөлінеді. Жылжымайтын мүлiкке (жылжымайтын заттар) жер учаскелерi, ғимараттар, құрылыстар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлiк, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкiн болмайтын объектілер жатады. Мемлекеттік тiркеуге жататын әуе және теңiз кемелерi, iшкi суда жүзу кемелері, «өзен-теңiз» жүзу кемелері, ғарыш объектiлері, магистральдық құбырлардың желілік бөлігі де жылжымайтын заттарға теңестiрiледi. Заңнамалық актілермен жылжымайтын заттарға өзге мүлiктер де жатқызылуы мүмкiн. Осыған байланысты, «өзге де мүлік» деп – ақшаны қоспағанда,  жылжымалы және жылжымайтын мүлік заң актілерінде жатқызылған мүлік түсіндіріледі