Жарияланған күні: 21.06.2018 17:02
Өзгертілген күні: 21.06.2018 17:04
Спартакиада өтті
 
      Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығы аясында, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығына және Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған мемлекеттік қызметшілер арасында 2018 жылдың 20 маусымында Тараз қаласының «Тараз-Арена» спорт сарайында облыстық спартакиада өтті.  
      Спартакиада да келесі спорт түрлерінен жарыстар өтті - үстел теннисінен, жүзуден, армрестлингтен (абсолюттік салмақ бойынша), гір көтеруден (абсолюттік салмақ бойынша), дойбыдан, жеңіл атлетикадан және «Әкем, анам және мен – спорттық жанұя» эстафетасы да өтті.  
     Спартакиаданың жалпы басшылығын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы жүргізді.
      Жарыстың мақсаты мемлекеттік қызметшілер арасында саламатты өмір салтын насихаттау, мемлекеттік қызметшілер арасында бұқаралық спортты дамыта отырып, жеке құрам арасында достық қатынасты орнату, айтулы мерекелерді, соның ішінде 23 маусым Мемлекеттік қызметшілер күнін  спорт арқылы атап өту.
         Жарысқа қатысқан Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің келесі қызметкерлері жүлделі орындарға ие болды:
         Үстел теннисінен Әсел Жанабаева
         Жүзуден Айжан Дүйсебаева және Айгүл Аширбаева
         Қол күресінен Макен Бекмуханова
         Гір көтеруден Мұрат Достаев
        Дойбыдан Гүлзина Мамырқұлова
      Жарыстың қорытындысы бойынша жалпы командалық түрде Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің командасы жүлделі 2-орынды иеленді.
       Сонымен қатар, «Әкем, анам және мен – спорттық жанұя» эстафетасына қатысқан Қамбатыровтар отбасыда жүлделі орынға ие болды. 
       Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаметі жеңімпаздарымызды спартакиададағы жеңістерімен шын жүректен құттықтайды!