Жарияланған күні: 30.11.2017 17:04
Өзгертілген күні: 30.11.2017 17:06
Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні
 
     Бүгін, 2017 жылдың 30 қарашасында Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай  салтанатты жиын өтті.
       Құттықтау сөзімен Жамбыл облысы бойынша МКД басшысы И. Исаков сөйледі.
      Баяндамашы Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұлғасының тарихи маңыздылығына, Ел басының мемлекеттің қалыптасуындағы стратегиялық рөлі мен әлемдік қауымдастықтағы мызғымас беделін атап өтті.
     Қазақстанның қазіргі заман тарихы еліміздің Бірінші Президенті, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен тығыз байланысты.
       Елді жаңа басымдықтар мен нақты істерде, Қазақстан халқын қоғамды дамытуға топтастырып, онда қуатты күші ерік-жігері мен патриоттық рухын шоғырландыруға қабілетті заманауи ой-өрісі бар көшбасшы басқарып отыр.
    Республика президенті - халық бірлігінің кепілі және мемлекеттік билігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының символы мен гаранты. 
      Сондай-ақ, салтанатты жиында мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлері құттықтау сөз сөйледі.
      Салтанатты жиында, ерекше көзге түскен қызметкерлерге, Экономикалық тергеу қызметінің, салық және кеден блоктарның қызметкерлеріне Жамбыл облысы бойынша МКД басшысының құрмет грамоталары мен алғыс хаттары тапсырылды. 
      Салтанатты жиынның ресми бөлігі әртістердің әсерлі өнерімен, сазды әндер мен билермен аяқталды.