Date of publication: 24.01.2020 08:18
Date of changing: 24.01.2020 08:18

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) аумағына кедендік тазартуды жүргізбей, бірақ белгілі бір шарттарды сақтай отырып, халықаралық тасымалдау көлік құралдары (бұдан әрі –ХТКҚ) уақытша әкелінуі мүмкін. Уақытша әкелу рәсімдері: «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодексімен, Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 қарашадағы № 511 «Уақытша әкелінетін және уақытша әкетілетін ХТКҚ қатысты жекелеген кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы» шешімімен, сондай-ақ ҚР ҚМ МКК және ҚТЖ-МК АҚ кедендік декларациялау және уақытша әкелінетін шетелдік ХТКҚ жасау бойынша өзара іс-қимыл тәртібімен регламенттеледі.

Кеден одағының кедендік аумағына кедендік баждарды, салықтарды төлеместен уақытша әкелуге мынадай шарттар бір мезгілде сақталған кезде жол беріледі:

1) Егер ХТКҚ шет мемлекеттің аумағында шетелдік тұлғаның атында тіркелген болса;

2) Егер ХТКҚ Кеден одағының кедендік аумағына әкелінсе және шетелдік тұлғамен пайдаланса, ХТКҚ Кеден одағының мүшесі - мемлекеттің тұлғасымен пайдаланса, Кеден одағының кедендік аумағында не одан тысқары жерлерде жүктерді, жолаушыларды және (немесе) багажды халықаралық тасымалдауды аяқтау немесе бастау үшін жай жазбаша нысанда сенімхатпен немесе осындай қызметтерді көрсетуге арналған шартпен тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуге тиісті түрде уәкілеттік берген шетелдік тұлға пайдаланатын жағдайларды қоспағанда.

Кеден одағының кедендік аумағына уақытша әкелінген ХТКҚ шетелдік тауарлар мәртебесіне ие.

Кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, ХТКҚ-рын уақытша әкелуі Кеден одағының кедендік аумағынан әкетумен немесе кедендік рәсімдерге орналастырумен аяқталады.

Уақытша әкелінген ХТКҚ Кеден одағының кедендік аумағынан әкету кез келген кеден органы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Кеден одағының кедендік аумағына уақытша әкелінген ХТКҚ, кеден одағының кедендік аумағына әкелінген көлік құралдары оларға байланысты тасымалдау операциялары аяқталғаннан кейін Кеден одағының кедендік аумағынан егер өзгесі халықаралық келісімдермен белгіленбеген, КК-ның 219-бабының ережелерін ескеріп есептелген мерзімдерде әкету қажет.

Мүдделі тұлғаның дәлелді сұрау салуы бойынша ХТКҚ әкету мүмкін болмаған кезде кеден органы ХТКҚ уақытша әкелу мерзімін ХТКҚ әкету мүмкін емес себептерді жою үшін қажетті уақытқа ұзартады.

Уақытша әкелінген ХТКҚ-мен операциялар.

  1. Уақытша әкелінген ХТКҚ-мен олардың кеден одағының кедендік аумағына жүруі, не көрсетілген аумақта болуы кезінде талап етілген техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу бойынша әдеттегі операцияларды жасауға жол беріледі.

2. Кеден одағының кедендік аумағында жол берілмейді:

- Кеден одағының кедендік аумағында басталатын және аяқталатын жүктерді, жолаушыларды және (немесе) багажды тасымалдау үшін уақытша әкелінген ХТКҚ пайдалану (бұдан әрі осы тарауда пайдалану үшін - Кеден одағының кедендік аумағы бойынша ішкі тасымалдау);

- уақытша әкелінген ХТКҚ өзге тұлғаларға беру, оның ішінде жалға (қосалқы жалға) беру, оларды жөндеу, техникалық қызмет көрсету, немесе ХТКҚ дереу әкету жолымен тасымалдау операциясын аяқтау мақсатында сақтау үшін беруді жағдайларды қоспағанда.

Көрсетілген іс-әрекеттер уақытша әкелінген ХТКҚ  кедендік рәсімдерге орналастырмай жасалған жағдайда, тарифтік преференцияларды және көлік құралына кедендік декларацияны тіркеу күніне есептелген кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктерді ескерместен, мұндай ХТКҚ-ын ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде төленуге жататын кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасына сәйкес келетін мөлшерде кедендік баждар, салықтар төленуге жатады. Бұл ретте көрсетілген іс - әрекеттерді жасаудың бірінші күні, ал егер бұл күн анықталмаса-кеден органының көлік құралына арналған кедендік декларацияны тіркеген күні кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімі болып есептеледі.

Кеден одағының кедендік аумағы арқылы ішкі тасымалдау үшін жүктерді және (немесе) багажды тасымалдауды жүзеге асыратын жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын ХТКҚ - ын, сондай-ақ жүктерді және (немесе) багажды тасымалдауды жүзеге асыратын тіркемелерді, жартылай тіркемелерді, контейнерлерді және темір жол жылжымалы құрамын пайдалану ерекшеліктері Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шартымен айқындалады.