Date of publication: 13.08.2019 08:44
Date of changing: 13.08.2019 08:47

2019 жылғы 30 қантарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президентінің берген тапсырмасы бойынша жеке тұлғаларға негізгі қарызды төлеген жағдайда өсімпұлды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық жүргізу жүктелді.

Жоғарыда берілген тапсырмаға сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентімен қаржы нарығын реттеу және дамыту, шағынқаржы іс-әрекеттері мен қолма-қол есеп айырысу бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар еңгізу Заңы қабылданды. Бұл Заң бойынша Қазақстан Республикасы Кодексін қолданысқа еңгізу туралы Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін (Салық кодексін) жеке тұлғаларға салықтық рақымшылықты жүргізу көзделген туралы толықтырулар еңгізілген.

Жеке тұлғалардың салықтық рақымшылық шеңберінде 2019 жылғы       1 қантардағы жағдай бойынша дербес шотта есептелінген өсімпұл сомалары есептен шығарылады, сондай-ақ 2019 жылғы 1 қантарға дейінгі салық кезенінде салық міндеттері бойынша туындаған бересі сомасына есептелген өсімпұл сомалары бересі сомалары төленген жағдайда есептен шығарылады.

Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органдарымен салық органдарында жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебінде мәліметтері жоқ жеке тұлғалардың, дегенмен кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырумен байланысты он бес жылдан астам есептелінген салықтан қарызы бар жеке тұлғалардың салық берешегінің сомасы есептен шығарылады.

      Жамбыл облысы бойынша МКД