Date of publication: 08.08.2019 08:19
Date of changing: 08.08.2019 08:19
Кедендік әкімшілендіру - бұл барлық мемлекеттерге тән, мемлекеттік кедендік тарифтік саясат аясында реттелетін күрделі ұйымдастырушылық-құқықтық құбылыс.
Қазақстан Республикасында және кедендік одақтың аумағында кедендік әкімшілендіру кедендік одақтың мүше мемлекеттердің қолданыстағы кеден заңнамасының негізінде жүзеге асырылады, оның негізі кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу тәртібін белгілейтін кеден одағының Комиссиясының шешімдері болып табылады.
Кедендік әкімшілендіру - бұл Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарлардың тиімді және сапалы трансшекаралық өтуіне байланысты Қазақстан Республикасының және кеден одақтың кеден заңнамаларында белгіленген мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған кеден ісі саласындағы уәкілетті тұлғалардың қызметі.
Кедендік әкімшілендірудің ұғымына кедендік бақылау, кедендік ресімдеу және кедендік декларация сияқты элементтер кіреді.