Date of publication: 08.08.2019 08:08
Date of changing: 08.08.2019 08:09

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беру» жаңа электрондық мемлекеттік қызметі іске қосылғандығы туралы хабарлайды.

Бұл құжатта әлеуметтік аударымдарды есептеудің және аударудың толықтығы мен уақтылы болуы туралы ақпарат көрсетілген.

Бұл мемлекеттік қызмет egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы көрсетіледі.