Date of publication: 30.07.2019 08:10
Date of changing: 30.07.2019 08:12
"Жобалық кеңсенің міндеттері өте кең және біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудің тиімді тетіктерін құру бағытын мақсатты және кезең-кезеңмен ұстануымыз керек. Қазір біз кедендік бағыт бойынша сараптамалық кеңес құрудамыз, онда сыбайлас жемқорлық құбылыстары үшін жағдайларды жою бойынша шаралар әзірленетін болады", - деп атап өтті Е. Жамаубаев.
Жоба жетекшісі - Әдеп жөніндегі уәкіл Төлеген Ташмағамбетов және жоба кеңсесінің жетекшісі Қарлығаш Нұрпейісова атқарылған жұмыстар туралы хабардар етті.
Жобалық кеңсенің жұмысы әлеуметтік желілер мониторингінен, БАҚ-тағы жарияланымдардан, азаматтық қоғамның белсенді өкілдерімен байланыс орнатудан басталды.
Жұмыс барысында жобалық кеңсенің қызметкерлері "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталық" қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен бірге 15-21 шілде аралығында Алматы облысы мен Алматы қаласындағы кедендік бекеттерге барды.
Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының талқылауына одан әрі шығару үшін талдау нәтижелерін жинақтау бойынша жұмыс жүргізілуде.
Мемлекеттік кірістер, Ішкі мемлекеттік аудит, Қаржы мониторингі, Қазынашылық, Мемлекеттік сатып алу, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеттерінің төрағалары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Комитеттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған алдын алу іс-шараларын (консультативтік көмек көрсету, азаматтарды қабылдау, республикалық акция) өткізеді.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардың әл - ауқатының артуы: табыс пен өмір сүру сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында ағымдағы жылдың 21 маусымында біздің министрлікте "Қаржы министрлігі-Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі ашылды.
Жобаның мақсаты мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда клиентке бағытталған орта құру, тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою болып табылады.
Бүгінгі күні Министрліктің жобалық кеңсесі жұмыс істеп тұр.
 
ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі