Date of publication: 26.07.2019 08:42
Date of changing: 26.07.2019 08:43

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 13 шілдедегі № 49 шешімімен Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін тауарлардың шығарылуын айқындау ережелері (тауарлардың шығарылуын айқындаудың преференциялы емес ережелері) бекітілген. Аталған қағидалар 2019 жылғы12 қаңтардаң бастап күшіне енген, 2008 жылғы 25 қаңтардағы Келісіммен бекітілген Тауарлардың шығарылған елiн айқындаудың бiрыңғай ережелері күшін жойды.

Тауарлардың шығарылуын айқындаудың преференциялы емес ережелері кедендіе мақсатында қодануға арналған (мысалы, арнайы, демпингке қарсы баждарды қолдану үшін, әкелуге тиім салынған тауарлар қатысты және т.б.) және тарифтік преференциялар ұсыну үшін қолданылмайды.

Тауарлардың шығарылуын айқындау ережелері 2008 жылғы 25 қаңтардағы Келісімнің ережелері негізінде дайындалған, сондықтан тауарлардың шығарылуын айқындау бойынша талаптар елеулі түрде өзгерілген жоқ. Бірақ бірнеше өзгерістерге назар аудару қажет.

Жаңа Ережелерге сәйкес тауарлардың шығарылуын айқындалуы негізгі критерийлердің орындалуы арқылы жүзеге асырылады, әсіресе СЭҚ ТН сыныптау коды кез келген алғашқы төрт белгінің деңгейінде өзгеріледі, адвалорлық үлесінің ережелері қолданылады (ЕЭК 218 жылғы 13 шілдедегі № 49 шешімімен дайын тауар құнында шетел тауарлары 50 пайызынан аспайтыны туралы ереже бекітілген).

Ереженің 25-тармағына ерекше назар аудару қажет, себебі тауардың шығарылуымен шарттастырылған ішкі нарықты қорғау шаралары қолданылған жағдайда, бір көлік (тасымалдау) құжаты бойынша Одақтың кедендік аумағына бір жөнелтушіден бір алушының атына әкелінетін және жалпы кедендік құны 150 АҚШ долларына баламалы сомадан асатын ұқсас тауарлардың шығарылуы тауардың шығарылуы туралы сертификатпен расталады.