Құрметті салықтөлеушілер мен СЭҚ қатысушылары!
Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен «Бес институционалды реформаның басым бағыттарының бірі – мемлекеттік органның ашықтығын» қамтамасыз ету шеңберінде 2018 жылдың 21 маусымында сағат 11-00-ден 13-00-ге дейінгі аралықта 2018 жылдың салықтық және кедендік әкімшілендіру саласындағы заңнаманың өзгерістері бойынша «Ашық есік күнін» өткізіледі.
Іс-шараны өткізу орны: Тараз қаласы, Қолбасшы Қойгелді көшесі, 188, Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының әкімшілік ғимаратының 1-қабатында, салықтық есептілік нысандарын қабылдау және өңдеу орталығы.