Date of publication: 15.06.2018 09:10
Date of changing: 15.06.2018 09:11
Мемлекеттік кірістер органдарында «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінің қолдануы туралы
 
     «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінің басшылыққа алып қолдану ережесін түсіндіру мақсатында, 2018 жылғы 13 маусымда Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері СЭК қатысушыларының, кедендік өкілдерінің, уақытша сақтау қоймалары және өз тауарларын сақтау қоймалары өкілдерінің  қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізді.
    «Дөңгелек үстелдің» отырысында, қатысушылардың назарына «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінің әзірлеушілерімен «Тауарларды сақтау құжаты» (ТСҚ) модулінің жетілдірілгендігі туралы ақпарат жеткізілді. Бұл модуль СЭҚ қатысушыларына және кедендік өкілдеріне бұрын уақытша сақтау орындарына уақытша сақтауға орналастырылған тауарлардың кедендік ресімдеуі туралы мәліметтерді ақпарат жүйесіне еңгізуіне мүмкіндік береді.
     Сонымен қатар, «АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінде электронды нысанда кедендік декларациялау кезінде тауарларға арналған декларациялардың бағандарын толтыру ерекшеліктерін бекіту туралы» 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 496 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бұйрығының талаптары түсіндірілді.
    Осы "АСТАНА-1" ақпараттық жүйесінде электронды нысанда кедендік декларациялау кезінде тауарларға арналған декларациялардың бағандарын толтыру ерекшеліктері "АСТАНА-1" ақпараттық жүйесін енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде әзірленген және Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген, Кедендік декларацияларды толтыру және кедендік декларациялардың нысандары жөніндегі нұсқаулықтан өзгеше, электронды нысанда кедендік декларациялау кезінде тауарларға арналған декларациялардың бағандарын толтыру ерекшеліктерін айқындайды.
    Кеден заңнамасының нормаларын бірінғай құқылы қолдану тәжірибесі мақсатында, «Жекелеген кедендік операциялардың тізбесін, Жекелеген кедендік операцияларды жасау қағидалары мен орындарын, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдары жекелеген кедендік операцияларды мемлекеттік кірістер органдары орналасқан орыннан тыс және (немесе) жұмыс уақытынан тыс жасау жағдайларын бекіту туралы» 2018 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бұйрығының талаптары түсіндірілді.
    Жекелеген кедендік операцияларды жасау қағидалары мен орындары, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдары жекелеген кедендік операцияларды мемлекеттік кірістер органдары орналасқан орыннан тыс және (немесе) жұмыс уақытынан тыс жасау жағдайлары "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 145-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес әзірленді және жекелеген кедендік операцияларды жасау тәртібі мен орнын, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдары жекелеген кедендік операцияларды мемлекеттік кірістер органдары орналасқан орыннан тыс және (немесе) жұмыс уақытынан тыс жасау жағдайларын айқындайды.
     Мемлекеттік кірістер органдары жекелеген кедендік операцияларды мемлекеттік кірістер органдары орналасқан орыннан тыс және (немесе) жұмыс уақытынан тыс жасайтын жекелеген кедендік операциялардың тізбесі:
  1. Кедендік рәсіммен орналастыру
  2. Кедендік қарап тексеру
  3. Кедендік жете тексеру
    Мемлекеттік кірістер органдары жекелеген кедендік операцияларды мемлекеттік кірістер органдары орналасқан орыннан тыс және (немесе) жұмыс уақытынан тыс мынадай жағдайларда жасайды:
- егер сыртқы экономикалық қызметке қатысушы өндірудің тұрақты үздіксіз циклын немесе тауарлардың тиеп жөнелтуін жүзеге асырса;
- тауарлардың бұзылуының, қоршаған ортаға, тірі жануарларға, өсімдіктерге және халыққа қауіпті залал келтірудің алдын алу мақсатында мемлекеттік кірістер органдары шұғыл ден қоюды қажет ететін төтенше, дүлей, техногендік жағдай, авария, өзге де мүмкін катаклизмдер немесе ауа райында, электрді өшіру, жазатайым жағдайлары туындағанда.
    Бұл бұйрықтар Қазақстан Республикасының «Әділет» Нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастырылған.