Date of publication: 04.06.2018 14:43
Date of changing: 04.06.2018 14:59
Қаржы Министрлігінің басшысы халық алдында өз қызметі туралы есеп береді.
 
     Қазақстан Республикасы Қаржы Министрі Бақыт Сұлтановтың халықпен есепті кездесуі 2018 жыл 20 маусымда сағат 15.00-де Астана қ. Қонаев көшесі, 4, Казмедиаорталығы (киноконцерттік зал, 1-қабат) мекен-жайы бойынша өтеді.
     Қаржы Министріне қойылатын сұрақтарды m.minfin@minfin.gov.kz электронды мекен-жайына алдын – ала жіберуге болады.
Кері байланыс үшін деректеріңізді және байланыс телефон нөмірін көрсетуіңізді сұраймыз.
    Сіздің сұрағыңызға жауап жұртшылықпен кездесу өткеннен кейін Қаржы Министрлігінің www.minfin.gov.kz  ресми сайтында орналастырылатын болады.
Call орталығы: 8 (7172) 75-02-94, 75-04-58
Барлық ниет білдірушілерді кездесуге қатысуға  шақырамыз!