Date of publication: 18.04.2018 12:43
Date of changing: 18.04.2018 14:56

Құрметті сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары

       Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің «Тараз-КРО» кеден бекеті, Сіздің назарларыңызға, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен 2018 жылғы 1 сәуірінен бастап «АСТАНА-1» Ақпараттық жүйесі тәжірибелі қолданысқа енгізілуіне байланысты, сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына қолайлы жағдайлар жасау және сапалы түрде мемлекеттік қызмет көрсету үшін, Жамбыл облысының аймағына(нан) теміржол көлігімен келетін және кететін тауарлар мен көлік құралдарын жедел түрде кедендік ресімдеу жүргізу мақсатында, мөр және мөр таңбаларды тауарларға арналған декларациясының қағаз түп нұсқасына қоюға, Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды тұлғалары Жамбыл облысының теміржол станцияларында және уақытша сақтау қоймаларында (УСҚ) орналастырылғаның хабарлайды.