Date of publication: 28.02.2018 16:27
Date of changing: 28.02.2018 18:02

2018 жылдан бастап нотариустардың және адвокаттардың қызметтері қосылған құн салығынан босатылмайды

Егер нотариуста және адвокатта күнтізбелік бір жылда айналым 30 000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып кетсе, онда мұндай нотариус немесе адвокат ҚҚС төлеушісі ретінде тіркелуі тиіс.

Мысал үшін: 2018 жылы АЕК – 2405 теңгеге тең екендігін ескерсек, 2018 жылы айналым - 72 150,0 мың теңгеден асуы керек. 

ҚҚС төлеушісі болып табылатын нотариустар мен адвокаттар салық кезеңі үшін бюджетке төленуге жататын (бұл күнтізбелік тоқсан) ҚҚС есептеуді, салық салынатын айналымнан есепке жазылған ҚҚС сомасы (көрсетілген қызмет бойынша ҚҚС) және есепке жатқызуға рұқсат етілген ҚҚС сомасы (бұл алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша ҚҚС сомасы) арасындағы айырма түрінде анықталады.

Бұл ретте, ҚҚС төлеушісі болып табылатын нотариустар мен адвокаттар, өткізу бойынша айналымдар жасау кезінде Салық кодексінің ережелеріне сәйкес қызметті алушыларға шот-фактура жазып беруге міндетті.