Date of publication: 13.12.2017 09:43
Date of changing: 13.12.2017 09:44
Алкоголь өнімін сатуға арналған лицензиясы бар
салық төлеушілердің жауапкершілігі
 
Жыл сайынғы лицензиялық алымды төлеуіне қатысты
Алкоголь өнімін сақтау, көтерме және бөлшек саудада сату қызметі түрімен айналысатын салық төлеушілер, тиісті саладағы қызметті жүзеге асырудың бірінші жылын қоспағанда, алым сомасын жыл сайын ағымды жылдың 20 шілдесіне дейін төлейді.
Осылайша, лицензяисы бар салық төлеушілер лицензиялық алымды:
  • лицензия алған жылда – лицензия алуға тиісті құжаттарды тапсырғанға дейін бюджетке төлейді;
  • лицензия алған жылдан кейінгі жылдары – жыл сайын ағымды жылдың 20 шілдесіне дейін төлейді.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-IV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексінің) 471 бабына сәйкес, лицензиялық алым мөлшерлемесі келесідей белгіленген:
Алкоголь өнімін көтерме саудада сату үшін – 200 АЕК;
Акоголь өнімін бөлшек саудада сату үшін:
  • астанада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда – 100 АЕК;
  • аудандық маңызы бар қалаларда және кенттерде – 70 АЕК;
  • қалған ауылдық елді мекендерде – 30 АЕК,
және 105402 БЖК (лицензиялық алым) бойынша төленеді.
Егер де жоғарыдағы аталған тәртіп сақталмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен» (әрі қарай - ӘҚБтК) айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, егер заң бұзушылық қайталанған жағдайда, лицензиядан айыру көзделген.
Лицензиясы бола тұра қызмет объектісі болмаған және кәсіпкерлік қызметті тоқтатқан жағдайда
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңның «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» (бұдан әрі - Заң) 45-бабының 1-тармағына сәйкес Рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңдарында, соның ішінде Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-де көзделген тәртіппен және негіздер бойынша жүзеге асырылады.
Сонымен қатар,  Салық кодексінде көзделген салық есептілігін беруді тоқтата тұру немесе қызмет объектісінің жоқтығынан қызметтің тоқтатылуына байланысты, берілген лицензияның қолданылуын тоқтату Заңмен көзделмеген.
Осыған байланысты, қызметін жүзеге асыратын объектінің болмаған жағдайында да, қызметтің іс жүзінде жүзеге асыруы-асырмауына қарамастан,  жыл сайынғы лицензиялық алым сомасы лицензиатпен төленуге жатады.
Сондықтан, Сіздердің назарыңызға айтарымыз, егер де алкоголь өнімін сақтау, көтерме және бөлшек саудада сату қызметімен айналысуды ағымды жылы тоқтатқан жағдайда, лицензияны 2018 жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей өткізу қажет. Көрсетілген мерзімде өткізбеген жағдайда, лицензиялық алым сомасын төлеу міндеттемесі 2019 жылдың 1 қаңтарынан басталады да, 2019 жылдың 20 шілдесіне дейін орындалуға жатады.  
Осыған байланысты, лицензиаттардың қызмет түрлері бойынша, сақтау, көтерме және бөлшек саудада алкоголь өнімін сатуға арналған лицензиясын жыл сайынғы лицензиялық алымды төлеу мерзіміне дейін немесе кейін тапсырған жағдайда, сонымен қатар осындай алымды төлемегендерден, лицензиялық алым сомасын өндіріп алу туралы мәселесі сот тәртібімен қарастырылатын болады.