Date of publication: 06.12.2017 15:06
Date of changing: 06.12.2017 15:10
«Чек талап етіп – жүлде ұтып ал» Акциясының 1-кезеңінің
соңғы ұтыс ойыны
 
        2017 жылдың 6 желтоқсанында Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Чек талап етіп – жүлде ұтып ал» Акциясы аясында ұтыс ойынын өткізіп, 1-кезеңінің соңғы ұтыс ойынының үш жеңімпазын кездейсоқ сандардың электронды регенирациясы арқылы анықтады.
       Ұтыс чектерінің иегерлері болып 30.11.2017 ж. № 5923066 ID чегімен Ұлбосын, 20.11.2017 ж. № 5731948 ID чегімен Сайлау және 15.11.2017 ж. № 5661104 ID чегімен Сымбат атанды.    
      "Чек талап етіп - жүлде ұтып ал!" Акциясы ҚР «Атамекен» ҰКП және ҚР ҚМ МКК 2017 жылдың 1 мамырынан бастап 30 қарашасына дейін екі кезеңде өткізілетін жалпы республикалық іс-шара болып табылады.
       Бірінші кезең барлық облыстарда, Астана және Алматы қалаларында өтті.
    Екінші кезең, Акцияның қорытынды ұтысы 2017 жылдың 13 желтоқсанында Астана қаласында өтуі жоспарланып отыр, бас жүлде - жеңіл автокөлік.
     Қорытынды ұтыс ойынына 2017 жылдың 1 мамырынан бастап 30 қарашасына дейін жіберілген, Акцияның ережесіне сәйкес, барлық чектер ойнатылатын болады.