Date of publication: 09.11.2017 17:19
Date of changing: 09.11.2017 17:21
«Е-лицензиялау» порталы арқылы
Мемлекеттік қызмет алу туралы
 
         Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 3 желтоқсандағы №432-V Заңымен салық және кеден заңнамаларына, сондай-ақ, ҚР Қаржы министрінің №21 бұйрығымен мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне енгізілген өзгерістермен, Мемлекеттік кірістер органдарымен электрондық түрде көрсетілетін қызметтердің тізімі кеңейтілген.
         Бұл өз кезегінде, талап етілген құжаттармен бірге қағаз тасымалдағышта ұсынылатын өтініштермен қатар, кеден ісі саласындағы уәкілетті органға (ҚР ҚМ МКК) немесе мемлекеттік кірістер органының аумақтық органдарына (облыстар мен Астана, Алматы қалалары бойынша МКД мен «Достық» кедені) қызмет алу туралы өтініштерді электронды түрде жолдау мүмкіндігін білдіреді. «Электрондық Үкімет» веб-порталының «Е-лицензиялау» Мемлекеттік мәліметтер қорының ақпараттық жүйесі (әрі қарай - ЕЛ ММҚ АЖ) порталы мүмкіндіктерін кеңейту төменде көрсетілген қызметтерді алуға www.elicense.kz порталы арқылы өтінішттерді жолдау мүмкіндігін берді.    
         Қазіргі таңда, ЕЛ ММҚ АЖ порталы арқылы Мемлекеттік кірістер комитетімен келесі қызметтер ұсынылады:
  • «Уәкілетті операторлар мәртебесін беру»;
  • «Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу»;
  • «Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу».
Комитеттің аумақтық органдарымен келесі қызметтерді көрсету құқығы айқындалған:
  • «Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу»;
  • «Кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізу»;
  • «Еркін қоймалар иелерінің тізіліміне енгізу»;
  • «Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізу»;
  • «Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру».
 
         «Е-лицензиялау» порталы арқылы қызмет алу, ескертпелерді көрсету, бағыттау және порталдың авторлық белгісі этапынан бастап шығатын (қорытынды) құжатты алу этапына дейінгі құрылу тәртібі «Е-лицензиялау» Мемлекеттік мәліметтер қорының ақпараттық жүйесінің Сыртқы порталын қолдану тәртібінде көрсетілген және бұл порталға кірген кезде оны қолданушы бірден көре алады.    
         Сыртқы порталды қолдануды бастар алдында, Қолданушының Ғаламторға кіру мүмкіндігі және ЕЛ ММҚ АЖ-нің Сыртқы порталында электрондық цифрлық қол қою (RSA) кілті (сертификата) арқылы тіркеуден өтуі қажет. Сертификатты облыстар мен Астана, Алматы қалаларының және аудан орталықтарының Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан (ХҚО) алуға болады.
         Төмендегідей бағдарламалық қамтамасыз етудің барлық талаптары сақталған жағдайда жүйені қосу және дұрыс қолдану мүмкіндігі болады:
   -     процессор - Intel Pentium 4 3,0GHz-тен төмен емес немесе одан да жоғары өнімділігі;
-        оперативтік жады - 512 Mb DDR2-533;
-        қатты диск - 40 GB Serial ATA 7200 rpm төмен емес;
-        Windows XP - XP SP3/Vista ескі емес;
-        Mozilla Firefox 3.6 версисы және одан жоғары;
-        Java 7.0 версисы және одан жоғары;
-        Оперативтік жүйе қорына импортталған RSA кілті (сертификат).
        
        «Е-лицензиялау» порталы арқылы мемлекеттік қызмет ҚР «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Кодексімен белгіленген мерзімде көрсетіледі.
         Коммуникациялық мүмкіндіктердің болуы ЕЛ ММҚ АЖ (www.elicense.kz.) интернет-ресурсы арқылы мемлекеттік кірістер органдарына  заңды тұлғалардың өтініш беруіне қосымша жағдай жасайды.