Date of publication: 18.09.2017 10:26
Date of changing: 18.09.2017 10:29
Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасын 
              төлеген кезде айыппұл  болдырмау жағдайы.
 
     Салық төлеушілер корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді осы Кодексте белгіленген тәртіппен ағымдағы салық кезеңі ішінде есептейді және төлейді.
     Алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы жөніндегі декларацияны тапсырғанға дейiнгi кезең iшiнде төленуге жататын, есептелген корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы есептi салық кезеңiнiң бірiншi тоқсаны iшiнде теңдей үлестермен төленедi.
     Алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы жөніндегі декларацияны тапсырғанға дейiнгi кезең iшiнде төленуге жататын, есептелген корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы есептi салық кезеңiнiң екiншi, үшiншi, төртiншi тоқсандары iшiнде теңдей үлестермен төленедi.
      Жүргiзiлетiн корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдердiң түзетiлген сомасы корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi төлеу мерзiмi басталмаған есептi салық кезеңiнiң айларына тең бөлiнедi.
     Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткенге дейінгі кезең ішінде төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабы есепті салық кезеңінің бірінші тоқсаны үшін есепті салық кезеңінің 20 қаңтарынан кешіктірілмей, салық төлеуші орналасқан жердегі салық органына табыс етіледі.
     Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткенге дейінгі кезең ішінде төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы өткен салық кезеңі үшін аванстық төлемдер сомаларының есеп-қисабында есептелген аванстық төлемдердің жалпы сомасының төрттен бірі мөлшерінде есептеледі.
     Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткеннен кейінгі кезең ішінде төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын есепті салық кезеңінің екінші, үшінші, төртінші тоқсандары үшін салық төлеуші оны табыс еткен күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде табыс етеді.
    Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткеннен кейінгі кезең үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы өткен салық кезеңі үшін есептелген корпоративтік табыс салығы сомасының төрттен үші мөлшерінде есептеледі.
    Алдыңғы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткеннен кейінгі кезең үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының қосымша есеп-қисабы салық кезеңінің 20 желтоқсанынан кешіктірілмей табыс етілуі мүмкін.
     Алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзiмiн ұзарту кезiнде:
1) алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғаннан кейiнгi кезең үшiн төленуге жататын корпоративтiк табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы осы баптың 6-тармағында белгiленген тәртiппен, оның iшiнде алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету мерзiмi ұзартылған кезең үшiн есептеледi;
2) салық төлеушi алдыңғы салық кезеңi үшiн корпоративтiк табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғаннан кейiнгi кезең үшiн төленуге жататын аванстық төлемнiң болжамды сомасын негiзге ала отырып, көрсетiлген декларацияны табыс ету мерзiмi ұзартылатын кезең үшiн аванстық төлемнiң сомасын төлейдi.
     Салық төлеушілер корпоративтік табыс салығын төлеуді орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.
   Салық төлеушілер корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдерді бюджетке осы Кодекстің 148-бабында белгіленген салық кезеңі ішінде, осы Кодекстің 141-бабына сәйкес айқындалған мөлшерде әр айдың 25-інен кешіктірмей, әрбір ай үшiн енгізуге міндетті.
     Салық кезеңі ішінде бюджетке енгізілген аванстық төлемдер сомасы есепті салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларация бойынша есептелген корпоративтік табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызылады.
Салық төлеуші салық кезеңінің қорытындысы бойынша корпоративтік табыс салығы бойынша төлемді декларация табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүзеге асырады.