Date of publication: 25.02.2024 17:28
Date of changing: 25.02.2024 17:28

      Мемлекеттік кірістер комитеті тасымалдаушыларға және өзге де мүдделі тұлғаларға ауа-райының нашарлауына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады.

     Қысқы кезеңде жүк автокөлік құралдарымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде ауа-райы жағдайлары және автомобиль жолдарындағы көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратпен уақтылы танысу ұсынылады.

     Қазақстанның батыс өңірлерінде республикалық маңызы бар автожолдарда бұрын енгізілген қозғалыстың шектелуіне, сондай-ақ ауа райы жағдайларына (боран, қар, көрінудің шектелуі, аяз) байланысты Қазақстанның басқа учаскелерінде қозғалыстың шектеулеріне байланысты Маңғыстау облысының «Тәжен» өткізу пункті аумағында 115 бірлік және Түркістан облысы «Қазығұрт» өткізу пунктінде 110 бірлікке дейінгі автокөлік құралдарының ағыны (2024 жылғы 23 ақпандағы Астана уақыты бойынша сағат 10:00 жағдайы бойынша) байқалуда.

     Бұл ретте қазақстан-қытай, қазақстан-түрікмен және қазақстан-өзбекстан шекарасының басқа өткізу пункттерінде автокөлік құралдарының жиналуы жоқ екенін атап өтеміз.

     Осыған байланысты сақтық шараларын сақтауды, қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.