Date of publication: 08.02.2024 08:40
Date of changing: 08.02.2024 08:42
Бүгінгі күнге мемлекеттік кірістер органдарымен 42 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі.
2023 жылы 741 794 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- электронды түрде  – 739 754 қызмет (99,7%);
- қағаз жүзінде – 2 040 қызмет (0,3%).
Қызметтердің ішінде көп жүгінетін қызметтер болып:
 - Салық есептілігін қабылдау – барлығы 560 933 (мемлекеттік қызметтердің жалпы санынан 75,6%), соның ішінде:
- электронды түрде – 559 149 (99,7%);
- қағаз жүзінде – 1784 (0,3%).
Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы қызмет алушылардың мағлұмат алуын көтеру мақсатында 170 семинарлар, интернет ресурстарға 316 материалдар орналастырылды, газет беттеріне 99 мақала жарияланды, радиодан 7 сұхбат берілді.
 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағым түскен жоқ.
Көрсетілген есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы біліктілігін арттырғандар жоқ.