Date of publication: 06.02.2024 08:43
Date of changing: 06.02.2024 08:43

 2024 жылғы 29 қаңтар 02 ақпан аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығында Мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық қызметкерлері, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері үшін «Сканерлеуші қондырғыларда жұмыс жасауға және рентген құрылғыларының бейнелерін талдауды үйрету» тақырыбында арнайы курс өткізілді.

      Курстың негізгі мақсаты – шекара бекеттеріндегі бақылау сапасын арттыру, бұл жабдық пен экипаждың біріктірілген жүйесі болып табылады және РТУ операторлары ұсынылған құжаттардың мазмұны туралы ақпаратпен сканерленген суреттерге біліктілік талдауын жүргізеді.

      Сабақта «Есірткіге қарсы күрес бойынша құқық қорғау органдарына арналған интерактивті компьютерлік білім беру бағдарламасы» (TADOC)  пысықталды. Бұл бағдарламалық қамтамассыз ету мемлекеттік кірістер қызметкерлерін    автокөлік құралдарын тексеру, жеке тұлғаларды тексеру, әуе көлігін тексеру бағыттары бойынша оқытуға мүмкіндік береді.

      Білімдерін бекіту үшін қатысушылар «Әуежай-Астана» кеден бекетінде практикалық оқудан өтті. Демонстрациялық үлгілерде (муляж), есірткі, тыйым салынған, жарылғыш заттарды, түрлі елдердің валютасын, зергерлік бұйымдардың (түрлі үлгідегі алтын, күміс) және гауһар тастардың, «Rapiscan» аппаратындағы рентген суреттерін егжей-тегжейлі талдаудан өткізді. Оқу барысында курс қатысушылары жарылғыш заттарды анықтау бойынша жоғары нәтижелер көрсетті.

      Курс қорытындысы бойынша қатысушыларға қорытынды тестілеу өткізілді, Мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық 11 қызметкеріне, 7 ҚР ҰҚК Шекара қызметі қызметкеріне курстан сәтті өткендігі туралы сертификаттар табысталды.