Date of publication: 10.01.2024 15:30
Date of changing: 10.01.2024 15:31

    Нұрлан Өмірғалиұлы Рахымғалиев Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.

     Нұрлан Рахымғалиев 1967 жылы туылды. Білімі бойынша – экономист, заңгер. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірді.

    Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі 38 жыл. Салық жүйесінде еңбек қызметін 1992 жылы бастады. Қатардағы салық инспекторынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің орталық аппараты департаментінің директорына дейін еңбек жолын өтті.

     2020 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Аппеляция департаментінің директоры лауазымын атқарды.