Date of publication: 27.12.2023 17:49
Date of changing: 27.12.2023 17:50

Алматы мен Астана қалалары және Қызылорда, Қарағанды облыстары тұрғындарымен кездесу өтеді.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев Алматы мен Астана қалалары және Қызылорда, Қарағанды облыстары тұрғындарымен кездесу өткізеді.

Кездесу барысында азаматтар Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасына салықтарды төлеу, салықтық және кедендік әкімшілендіру, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіндегі өзге де мәселелер бойынша сұрақтарды қоя алады.

Өткізу уақыты:

2023 жылғы 28 желтоқсан, сағат 10:00-де.

Осы өңірлердің тұрғындары шараға қатысу үшін төмендегі байланыс нөмірлеріне хабарласа алады:

Астана қаласы, байланыс нөмірі 8 (7172) 77-32-58.

Алматы қаласы байланыс нөмірілері 8 (7272) 67-15-53, 8 (7272) 67-69-97.

Қарағанды облысы, байланыс нөмірі 8 (7212) 41-09-38.

Қызылорда облысы, байланыс нөмірі 8(7242)40-01-05.