Date of publication: 23.12.2023 15:56
Date of changing: 23.12.2023 15:57

Мемлекеттік кірістер комитеті 2023 жылғы 1 қарашадан бастап Қазақстан-Ресей шекарасында «Бидайық» автомобиль өткізу пунктінде (Солтүстік Қазақстан облысы) электрондық кезек жүйесі қолданылатынын еске салады.

      Сервис Qoldau.kz цифрлық платформа базасында және тегін іске асырылады.

      Электрондық кезек шекарадан өтудің жеделдігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді, жүк автомашиналарының жиналуын болдырмайды.

     Электрондық кезекті енгізуді тасымалдаушылар оң бағалауда – электрондық кезек енгізілгеннен бастап «Бидайық» өткізу пунктінде 1 мыңнан астам жүк автомашина брондаған.

     Оң нәтижелерді ескере отырып, Ресей Федерациясымен шекарадағы 7 автомобиль өткізу пунктінде қосымша электрондық кезекті қолдану жоспарлануда:

      2024 жылғы 15 қаңтардан бастап «Қарашатау» (Ақтөбе обл.) және «Жезкент» (Абай обл.) өткізу пункті;

      2024 жылғы 31 қаңтардан бастап «Убе» (Шығыс Қазақстан обл.) және «Ақсай» (Батыс Қазақстан обл.) өткізу пункті;

     2024 жылғы 15 ақпаннан бастап «Обаған» (Қостанай обл.) және «Найза» (Павлодар обл.) өткізу пункті;

     2024 жылғы 30 сәуірден бастап «Құрманғазы» өткізу пункті (Атырау обл.).

     Осыған байланысты, аталған автомобиль өткізу пункттері арқылы Қазақстан аумағынан шығуды жоспарлаған тасымалдаушылар «CarGoRuqsat» қосымшасы арқылы электрондық кезектен орын брондауы қажет.

     Ол үшін https://cgr.qoldau.kz/ru/start сілтеме бойынша өту керек, «CarGoRuqsat» қосымшасына тіркелу және кіру, қажетті өткізу пунктін таңдау, шекарадан кесіп өту күні мен уақытын көрсету және жүргізуші мен автокөлік туралы деректерді толтыру.

     Өтінім мақұлданғаннан кейін шекарадан өту үшін өткізу пунктіне уақтылы келу қажет.

     Күтпеген жағдайларды болдырмау үшін Мемлекеттік кірістер комитеті тасымалдаушыларды электрондық кезекті алдын ала брондауға шақырады.

     Барлық сұрақтар бойынша МКК Сall-орталығына 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы хабарласуға болады.