Date of publication: 04.12.2023 09:04
Date of changing: 04.12.2023 09:04

«Кідіртілген тауарларды өткізу, пайдалану және жою, оларды тасымалдау (тасу), қайта тиеу (тиеу, түсіру), сақтау бойынша шығыстарды, кідіртілген тауарларды өткізуге дайындалуға және өткізумен байланысты өзге де шығыстарды өтеу, сондай-ақ оларды өткізуден алынған сомаларды қайтару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 248 бұйрығына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 1223 бұйрығымен өзгерістер енгізілді.

Түзетулер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 27 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүгедектігі бар адамдарға қатысты кемсітушілік терминологияны алып тастау, атап айтқанда «қарттар мен мүгедектер үйлері» «қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелері (ұйымдар)» деген тұжырымдамасын өзгерту мақсатында енгізілді. Сондай-ақ редакциялық сипаттағы түзетулер және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес заң техникасы бойынша енгізілді.