Date of publication: 26.11.2023 12:27
Date of changing: 26.11.2023 12:27

Құрметті салық төлеушілер!

 

       Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитеті келесіні хабарлайды.

       2023 жылдың 17 қарашасында құжаттарды өңдеудің кешігуіне байланысты электронды шот - фактуралар немесе тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар қағаз тасығышта ресімделген болса, келесі мерзімде ЭШФ АЖ еңгізу қажет:

  • шот-фактураларды 2023 жылдың 5 желтоқсанын қоса алғанда 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде;
  • тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды 2023 жылдың 23 қарашасын қоса алғанда 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде.

Сонымен бірге айыппұл санкциялары қолданылмайды.

         Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.