Date of publication: 21.11.2023 08:22
Date of changing: 21.11.2023 08:23

Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – теңге күніне орай Мемлекеттік кірістер комитетінде 2022 жылдың қорытындысымен "Үздік салық төлеуші" және "Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушысы" номинациялары бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.

Марапаттау рәсімін ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ашты.

«Сіздер экономиканы дамытуға үлес қосып, жұмыс орындарын ашып, қоғамымызда тұрақтылықты орнатудасыздар. Сіздердің компанияларыңыз даму мен өркендеудің қозғалтқышы болып табылады.

Елдегі жүздеген мың салық төлеушілердің арасынан Үздік болып таңдалу – табысты бизнеске апаратын қиын жолдың дәлелі. Бұл тек қаржылық жауапкершілікті ғана емес, сонымен қатар фискалдық жүйені терең түсінуді, үздіксіз білім алуды және өзгермелі құқықтық нормаларға бейімделуді талап етеді. Еңбекқорлық пен адалдықтың арқасында сіздер ең үздік салық төлеуші мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушы атандыңыздар " - деп атап өтті Е.Біржанов.

Барлығы 20 номинация белгіленді.

Экономиканың әртүрлі салаларында табысты жұмыс істейтін адал салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың жетістіктерін, бизнесті адал, ашық және  жүргізіп отырғанына мақтау айтылып, Қазақстан Республикасының экономикалық өсуінде кәсіпкерліктің дамуының маңыздылығы атап өтілді.

Конкурс жеңімпаздарын іріктеу ақпараттық жүйелерде және басқа да ашық ақпарат көздерінде бар деректерді талдау негізінде жүзеге асырылды. Төлем тәртібі, фискалдық мониторинг аясында шағымдардың болмауы, сала бойынша салық жүктемесінің коэффициенті және басқа да қаржылық көрсеткіштер бірінші кезекте ескерілді. Сондай-ақ, салық төлеушілердің әлеуметтік жобалары, өз аймағының азаматтарын жұмыс орындарымен қамтамасыз етуі маңызды болды.

Өйткені, уақытылы төленген салықтардың арқасында мектептер, балабақшалар, ауруханалар, инфрақұрылымдар салынып, жәрдемақылар мен зейнетақылар төленіп, заңдылық пен тәртіп қамтамасыз етілді, барлық периметрлер бойынша шекара қорғалуда, азаматтардың өмірінің түрлі салалары дамып келеді.

Жеңімпаздарға номинациялар мен алғыс хаттарды мемлекеттік органдардың, күштік құрылымдардың, өртке қарсы қызметтің өкілдері, ардагерлер, елімізге еңбегі сіңген медицина, білім беру, мәдениет, медиа және өнер қайраткерлері табыстады. Бұл, өз кезегінде, үздік салық төлеушілер мен салықтардың соңғы бенефициарларының бір алаңда кездесуіне мүмкіндік берді.

«Жеңімпаздарға «Салықты төлегендеріңіз үшін рахмет» сөздерімен марапатты табыстаған құрметті қонақтарымызға ерекше алғыс білдіреміз. Өз кезегімізде біз де Сіздерге жұмыстарыңызды үздік атқарып, күн сайын адам өміріне араша түсіп, азаматтарымыздың денсаулығы үшін сіңірген еңбектеріңіз және өскелең ұрпаққа жаңа білім бергендеріңіз үшін «рахмет» айтамыз», - деді Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Жандос Дүйсембиев қорытынды сөзінде.

Шараның бейнежазбасын мына сілтеме бойынша көруге болады:

https://www.youtube.com/watch?v=9u0PR8tSv4A

2022 жылдың қорытындысы бойынша жеңімпаздар тізімі:

  1. «М.Т.Транс сервис-2010» ЖШС, «Салық салудың жалпыға бірдей белгіленген режимі – көлік және қоймалау» номинациясында, Қызылорда облысы
  2. «Әулие-Ата Феникс» ЖШС, «Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге арналған арнайы салық режимі» номинациясында, Жамбыл облысы
  3. Жеке кәсіпкер «Майкенова Дариғаш Қабдылхаққызы», «Оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимі» номинациясында, Абай облысы
  4. Жеке кәсіпкер «Әбілов Бабыр Шереханұлы», «Оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимі» номинациясында, Түркістан облысы
  5. «Өтешов Рустам Ғазизұлы» шаруа қожалығы, «Шаруа және фермер қожалықтарына арналған арнайы салық режимі» номинациясында, Шығыс Қазақстан облысы
  6. «ВокХаус» ЖШС, «Оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимі» номинациясында,  Шымкент қ.
  7. «ЭКОТОН+» АҚ, «Салық салудың жалпыға бірдей белгіленген режимі – өңдеуші өнеркәсіп» номинациясында, Астана қ.
  8. «Atbasar grain» ЖШС, «Салық салудың жалпыға бірдей белгіленген режимі – өңдеуші өнеркәсіп» номинациясында, Ақмола облысы
  9. «Атлас-Авто» ЖШС, «Салық салудың жалпыға бірдей белгіленген режимі – көлік және қоймалау» номинациясында, Ақтөбе облысы
  10. «БАНЭС» ЖШС, «Салық салудың жалпыға бірдей белгіленген режимі – көтерме және бөлшек сауда» номинациясында, Алматы облысы
  11. «Karazhal Operating (Каражал Оперейтинг)» ЖШС, «Салық салудың жалпыға бірдей белгіленген режимі – өңдеуші өнеркәсіп» номинациясында, Ұлытау облысы
  12. «Энерго-РЭМ» ЖШС, «Салық салудың жалпыға бірдей белгіленген режимі – құрылыс» номинациясында, Жетісу облысы
  13. «Здоровье детям» қоғамдық қоры, «Салық салудың жалпыға бірдей белгіленген режимі – қызметтер» номинациясында, Маңғыстау  облысы
  14. «Петропавловский водочный завод», ЖШС «Акциздер» номинациясында, Солтүстік Қазақстан облысы
  15. «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС, «Жер қойнауын пайдаланушы» номинациясында, Алматы қ.
  16. «Тенгизшевройл» ЖШС, «Жер қойнауын пайдаланушы» номинациясында,  Атырау облысы
  17. «KDV Казахстан» ЖШС, «Мониторингте тұрған ірі салық төлеуші» номинациясында, Павлодар облысы
  18. «Евразиан Фудс» АҚ, «Мониторингте тұрған ірі салық төлеуші» номинациясында, Карағанды облысы
  19. «Топан» ЖШС, «Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы» номинациясында, Батыс Қазақстан облысы
  20. «Костанайские минералы» АҚ, «Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы» номинациясында, Қостанай облысы

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Баспасөз қызметі