Date of publication: 21.11.2023 08:20
Date of changing: 21.11.2023 08:21

Күштілігі он екі пайыздан төмен әлсіз градусты ликер-арақ өнімдерінің қаңылтыр ыдысына есепке алу-бақылау маркаларын жапсыру бойынша өзгерістер енгізілді.

Қазақстан Республикасының «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 9-бабының 2-тармағына сәйкес қаңылтыр ыдыста күштілігі он екі пайыздан төмен әлсіз градусты ликер-арақ өнімдерінің айналымы рұқсат етіледі. Сонымен бірге, Салық кодексінің 172-бабы 2-тармағына сәйкес, толысылған шарапты және сыра қайнату өнімін қоспағанда, алкоголь өнімі есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануы тиіс.

Қаңылтыр ыдысы (метал банкасы) үшін ыдыстың қақпағына есепке алу-бақылау маркаларын жапсыру бойынша талаптың орындалуы мүмкін емес, өйткені тұтыну ыдысын ашу кезінде есепке алу-бақылау таңбасының тұтастығын бұзу талабын сақтау мүмкін емес. Мұндай талаптар есепке алу-бақылау маркасын қайта пайдалануды болдырмау мақсатында белгіленген болатын.

Осыған байланысты ережеге қаңылтыр ыдыстың қақпағына есепке алу-бақылау маркасын жапсыру талабын алып тастайтын түзету енгізілді. Қаңылтыр ыдыста марка бүйірлік бетке жапсырылады және оның сәйкестендіру штрих-кодының ақпаратын оқылуды қамтамасыз етуі керек.

2023 жылғы 14 қарашада «Толысылған шарап (шарап материалын) және сыра қайнату өнімдерін қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ есепке алу-бақылау маркаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 143 бұйрығына өзгерістер енгізілді. Өзгерістер алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді