Date of publication: 15.11.2023 11:10
Date of changing: 15.11.2023 11:11

2023 жылғы 11 қараша Астана қ. Мемлекеттік кірістер комитеті 2023 жылғы 1 қарашадан бастап Қазақстан-Ресей шекарасында «Бидайық» автомобиль өткізу пунктінде (Солтүстік Қазақстан облысы) «CarGoRuqsat» электрондық кезек жүйесін қолдану бойынша пилоттық жоба іске қосылғанын хабарлайды. «CarGoRuqsat» тасымалдаушыларға Ресей Федерациясымен шекарадан өту үшін кезекті алдын ала брондау мүмкіндігін береді. Пилоттық жоба шеңберінде электрондық кезекті брондау тегін негізінде жүзеге асырылады. Электрондық кезекті қолдану шекарадан өтудің ашықтығы мен жеделдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, жүк автокөліктердің жиналуына жол бермейді. Сонымен қатар, «CarGoRuqsat» мемлекеттік органдардың 13 ақпараттық жүйесімен біріктірілген, бұл бақылау функцияларының бір бөлігін автоматтандыруға және адами факторды алып тастауға мүмкіндік берді. Атап айтқанда, электрондық кезекті брондау кезеңінде сақтандыру полистерінің, тасымалдауға рұқсаттардың, ақылы жолдар бойынша берешектердің және т. б. болмауы бақылау жүзеге асырылады. Мәселен, пилоттық жобаның басынан бастап электрондық кезекті брондау кезінде тасымалдаушыларда жүк автокөліктерін басқару құқығына тиісті санаттағы халықаралық тасымалдарға рұқсаттардың, сақтандыру полистерінің және т. б. болмауы фактілері анықталды. Мұндай құжаттардың болуы қолданыстағы заңнамада көзделген, барлық тасымалдаушылар үшін міндетті және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Өз кезегінде, бұзушылықтары жоқ парасатты тасымалдаушылар электрондық кезекті енгізуді оң қабылдап, шекарадан өтудің жеделдігі туралы хабарлайды (10-15 минут ішінде). «Бидайық» өткізу пункті мобильді интернетпен қамтамасыз етілген, қызметкерлер қажетті консультациялық және техникалық көмек көрсетеді, оның ішінде жүргізушілерде байланыс болмаған кезде, электрондық кезекті брондау кезінде сұрақтар болған кезде және т. б. Пилоттық жобаны іске қосу туралы ақпарат бұрын республикалық және өңірлік деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, өңірдің ірі экспорттаушылары мен тасымалдаушыларымен дөңгелек үстелдер өткізілгенін атап өту қажет. Қосымша консультациялар мақсатында 13 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы әкімдігінің алаңында, 14 қарашада «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасында кеңес жоспарланған. Пилоттық жобаның басынан 10 күн өткенінен «CarGoRuqsat»-та 123 жүк автокөлігі электронды кезекке брондалды, оның ішінде 79 автокөлік Ресей Федерациясына өтті, 44 автокөлік кезекке сәйкес өткізу пунктіне келеді. Жалпы, «Бидайық» өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істейді, жүк автокөліктерінің жиналуы байқалмайды. Барлық сұрақтар бойынша 1414, 8-800-080-7777 телефондар арқылы МКК Сall-орталығына хабарласуға болады.