Date of publication: 15.11.2023 11:08
Date of changing: 15.11.2023 11:09
          Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Сіздің назарыңызға келесіні хабардар етеді, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік  Кодексінің 246 бабына сәйкес, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, төлеуші Қорға әлеуметтік аударымдарды есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей, әлеуметтік аударымдар төленетін айды көрсете отырып, уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен ай сайын есептейді және төлейді.
          Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген мерзімде патенттің құнын әр ай үшін бөлек төлеу үшін әлеуметтік аударымдарды төлейді.
          Салық агенттері азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кірістер алған жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдарды кіріс алған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей төлейді.
        Жоғарыда айтылғанды негізге ала отырып, Әлеуметтік Кодексінің талаптарын орындамауы не тиісінше орындамауы ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 92 бабының 2 бөлігі бойынша ескерту түрінде әкімшілік жаза қолданылады, бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет осы Кодексінің 92 бабының 3 бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікқе тарту қарастырылған, яғни, жекеше нотариустарға, жекеше сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) әлеуметтiк аударымдар сомасының 20%, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30%, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 50% пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Осыған байланысты, есептелген әлеуметтiк аударымдарды уақтылы аудару қажетілігін ескертеміз.