Date of publication: 15.11.2023 11:06
Date of changing: 15.11.2023 11:06

         Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Сіздің назарыңызға келесіні хабардар етеді, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік  Кодексінің 248 бабының 9 тармағына сәйкес, міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді:

      1) дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген адамдардан басқа), жеке практикамен айналысатын адамдар нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыскерлерге, сондай-ақ жеке тұлғаларға төленген кірістерден кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;

      2) дара кәсіпкерлер (осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген дара кәсіпкерлерден басқа), шаруа және фермер қожалықтары, жеке практикамен айналысатын адамдар өз пайдасына – есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;

      3) патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер патент құнын төлеу үшін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген мерзімде жүзеге асырады.

       Жоғарыда айтылғанды негізге ала отырып, Әлеуметтік  Кодексінің талаптарын орындамауы не тиісінше орындамауы ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 91 бабының 6-бөлігі бойынша ескерту түрінде әкімшілік жаза қолданылады,  бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет осы Кодексінің 91 бабының 7-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікқе тарту қарастырылған, яғни, жеке тұлғаларға – мiндеттi зейнетақы жарналарының, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының аударылмаған, уақтылы және (немесе) толық есептелмеген, ұсталып қалмаған (есепке жазылмаған) және (немесе) төленбеген (аударылмаған) сомасының 10%, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 20%, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 30%, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 50% мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Осыған байланысты, есептелген (ұсталған) мiндеттi зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын уақтылы аудару қажетілігін ескертеміз.