Date of publication: 15.11.2023 11:03
Date of changing: 15.11.2023 11:05

Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Сіздің назарыңызға келесіні хабардар етеді, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 30 бабының 6 тармағына сәйкес, есепке жазылған (ұстап қалған) аударымдарды және (немесе) жарналарды қордың шотына Мемлекеттік корпорацияның кейіннен аударуы үшін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы:

       дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, жеке практикамен айналысатын адамдар – кірістер төленген айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;

       дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар, жеке практикамен айналысатын адамдар өз пайдасына – ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей;

       патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында патент құнын төлеу үшін көзделген мерзімде;

      дербес төлеушілер – есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей аударады.

       Жоғарыда айтылғанды негізге ала отырып, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңының талаптарын орындамауы не тиісінше орындамауы ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 92-1 бабының 1-бөлігі бойынша ескерту түрінде әкімшілік жаза қолданылады, бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет, осы Кодексінің 92-1 бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікқе тарту қарастырылған, яғни, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, кәсіби медиаторларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) аударымдар және (немесе) жарналар сомасының -20%, орта кәсіпкерлік субъектілеріне-30%, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне -50% мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      Осыған байланысты, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға есептелген (ұсталған) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы аудару қажетілігін ескертеміз.