Date of publication: 10.11.2023 08:36
Date of changing: 10.11.2023 08:37

    Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының аумағына кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатыла отырып, 6 875 электромобиль әкелінді. 2023 жылдың 10 айында 6 523 электромобиль әкелінді.

      2023 жылдың соңына дейін квота бойынша кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатыла отырып, тағы 8 477 электромобильді әкелу мүмкіндігі сақталады. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабаев баспасөз конференциясы барысында хабарлады. 

     Жеке тұлғалар жеке пайдалануға арналған электромобиль импорты кезінде жылына бір рет жолаушылар кедендік декларациясын беру арқылы кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатыла отырып, 1 электромобиль әкеле алады, тиісінше қандай да бір төлемдерді төлеудің қажеті жоқ.

      Ол үшін Қазақстан Республикасының азаматы болу және Қазақстан Республикасында тұрақты тұру қажет.

       Сонымен қатар, азаматқа осы электромобильді иелену, пайдалану, билік ету құқығын Ресей Федерациясының азаматтығы бар және Ресей Федерациясында тұрақты тұратын адамдарға кедендік тазарту сәтінен бастап 3 (үш) жыл ішінде беруге тыйым салу түрінде шектеулер қойылады.

      Жолаушылар кедендік декларациясын беру үшін азамат өз бетінше (кеден өкілдерінің қызметтеріне жүгіну мүмкіндігі бар) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ тауарға ілеспе құжаттарды ұсына отырып, кеден бекетіне инспекторға жүгіне алады.

      ЕЭК Кеңесінің №39 шешімімен 2022 және 2023 жылдары электромобильдерге бажсыз әкелу мүмкіндігі берілгенін атап өту қажет.

      Бүгінгі таңда Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында бажсыз әкелу мүмкіндігін 2025 жылға дейін ұзарту туралы мәселе қаралуда.

       Жоғарыда аталған квота шеңберінде кедендік баждарды төлеуден босатыла отырып, бірақ тауар құнының 12% мөлшерінде ҚҚС төлей отырып және 20 000 теңге мөлшерінде кедендік алым төлей отырып, электромобильді әкелудің басқа мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) ставкалары бойынша тауарларға декларация тапсыру қажет. Тауарларға декларацияны бірыңғай кедендік тарифтің (ҰБТ) ставкалары бойынша берген жағдайда құнының 15% мөлшерінде кедендік баж, ҚҚС 12% және кедендік алым 20 000 теңге төлеу қажет.