Date of publication: 10.11.2023 08:35
Date of changing: 10.11.2023 08:36

   Мүдделі мемлекеттік органдар мен «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы ЕАЭО-ның сыртқы шекараларында өткізу пункттерінің өткізу қабілеттілігін реттеуге ықпал еткен және бірқатар кешенді шаралар қабылдады.

      Бүгінгі таңда ЕАЭО-ның сыртқы шекарасында барлық автомобиль өткізу пункттерінде автоматтандырылған электрондық кезек жүйесі енгізілді және табысты жұмыс істеуде.

      Жүйе платформада жұмыс істейді «Qoldau.kz» және «CargoRuqsat» мобильді қосымшасы арқылы (жүйеде кезекті брондау қашықтан жүзеге асырылады).

      2023 жылғы 08 қарашадағы жағдай бойынша электрондық кезек жүйесінде 32 мың пайдаланушы тіркелді, 331 мыңнан астам брондау жүзеге асырылды, оның ішінде 212 мыңға жуық машина мемлекеттік шекарадан өтті.

       Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабаев баспасөз конференциясы барысында хабарлады. 

      Жүйе штаттық режимде жұмыс істейді және қазіргі уақытта инфрақұрылымдық қамтамасыз ету бөлігінде пысықтау жұмыстары жүргізілуде.

      Бұл ретте жүйедегі слоттардың (бос орындардың) саны кез келген қалаған күні брондау үшін барлық өткізу пункттерінде жеткілікті болып табылады.

      Анықтама: 2023 жылғы 08 қарашадағы жағдай бойынша өткізу пункттерінде алдағы айға тегін брондау саны:

      - «Майқапшағай» өткізу пунктінде -4,5 мың орын;

      - «Бақты» өткізу пунктінде - 5,4 мың орын;

      - «Нұр жолы» өткізу пунктінде -12,6 мың орын;

      - «Көлжат» өткізу пунктінде - 6,7 мың орын;

      - «Достық-авто» өткізу пунктінде -11,1 мың орын.